
«AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының тоқсан сайынғы жеке қабылдау кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 29 ақпанында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Р. Аңбаев азаматтарды жеке қабылдауын өткізді, бұл қабылдауда Ялты, Ефимовка және Новоишим ауылдарынан 3 адам қабылданды.
Жеке қабылдау барысында тұрғын үй, жерды пайдалану және Новоишим ауылында ипподром салу мәселелері бойынша сұрақтар келіп түсті.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы кезінде «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Б.А. Сапановқа, сондай-ақ Читополье ауылдық округінің әкіміне, ТКШ және жер қатынастары бөлімдерінің басшыларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жоғарыда аталған мәселелерді қарауға және шешуге жәрдемдесу бойынша түсіндірмелер мен тиісті тапсырмалар берілді.