2023 жылғы 1 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сейпілұлы Сапаровтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі лауазымына кандидатураны келісу туралы» мәселе қаралды.
Айдарбек Сейпілұлы Сапаров сөз сөйлеп, депутаттарды Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі лауазымына кандидат Руслан Әкімжанұлы Аңбаевтың өмірбаяндық деректері мен еңбек қызметі туралы мәліметтермен таныстырды.
Депутаттар Руслан Әкімжанұлы Аңбаевтың Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі лауазымына кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясынан кейін облыс әкімі Айдарбек Сейппелұлы Сапаров аудан активіне Руслан Әкімжанұлы Анбаевты ұсынды.