23 маусымда Қазақстанда екі кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні және Қазақстан полициясы күні атап өтіледі.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Е.Е.Әділбеков аудан әкімінің алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен мемлекеттік қызметшілер мен полиция бөлімінің қызметкерлерін марапаттады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Алғыс хаттарымен аудан әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы А.М. Нұртазина, аудан әкімінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және ақпараттық-талдау жұмысы жөніндегі бас инспекторы Қ.Қ. Дайыров, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі маманы З.Ж. Темірбекова марапатталды.