
2020 жылғы 28 қаңтарда аудан әкiмi А.А. Тастемiровтың Ломоносов ауылдық округiнiң Ломоносовка ауылында есептiк кездесуi өттi.
Есеп беру кездесуi барысында Ломоносов ауылдық округiнiң әкiмi 2019 жылы атқарылған жұмыстар және 2020 жылға жоспарлар туралы есеп бердi.
«Ауданның 2019 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған перспективалық жоспарлар мен мiндеттер туралы» баяндамамен аудан әкiмi Ломоносовка ауылының тұрғындары алдында сөз сөйледi.
Одан кейiн ауылдық округ тұрғындары көше жарығы, еңбекақыны арттыру, автобус қатынасы бойынша әлеуметтiк сипаттағы проблемалық сұрақтарды көтердi, оларға аудан әкiмi тиiстi жауаптар мен түсiнiктемелер бердi.
Аудан бойынша а.ж. 28 қаңтарда аудан әкiмiнiң 1 есеп беру кездесуi өткiзiлдi, онда 2 сұрақ пен ұсыныс айтылды.



