
2020 жылғы 27 қаңтарда аудан әкiмi А.А. Тастемiровтың Андреев ауылдық округiнiң Андреевка ауылында және Көкалажар ауылдық округiнiң Көкалажар ауылында есептiк кездесулерi өттi.
Есеп беру кездесулерi барысында Андреев және Көкалажар ауылдық округтерiнiң әкiмдерi 2019 жылы атқарылған жұмыстар және 2020 жылға жоспарлар туралы есеп бердi.
«Ауданның 2019 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған перспективалық жоспарлар мен мiндеттер туралы» баяндамамен аудан әкiмi Андреев және Көкалажар ауылының тұрғындары алдында сөз сөйледi.
Одан кейiн ауылдық округ тұрғындары көше жарығы, еңбекақыны арттыру, автобус қатынасы бойынша әлеуметтiк сипаттағы проблемалық сұрақтарды көтердi, оларға аудан әкiмi тиiстi жауаптар мен түсiнiктемелер бердi.
Аудан бойынша а.ж. 27 қаңтарда аудан әкiмiнiң 2 есеп беру кездесулерi өткiзiлдi, онда 4 сұрақ пен ұсыныс айтылды.




