Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері

Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері

2020 жылғы 22 қаңтарда аудан әкiмi А.А. Тастемiровтың Новоселов ауылдық округiнiң Новоселовка ауылында және Шұқыркөл ауылдық округiнiң Шұқыркөл ауылында есептiк кездесулерi өттi.

Есеп беру кездесулерi барысында Новоселов және Шұқыркөл ауылдық округтерiнiң әкiмдерi 2019 жылы атқарылған жұмыстар және 2020 жылға жоспарлар туралы есеп бердi.

«Ауданның 2019 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған перспективалық жоспарлар мен мiндеттер туралы» баяндамамен аудан әкiмi Новоселовка және Шұқыркөл ауылының тұрғындары алдында сөз сөйледi.

Одан кейiн ауылдық округ тұрғындары көше жарығы, еңбекақыны арттыру, автобус қатынасы бойынша әлеуметтiк сипаттағы проблемалық сұрақтарды көтердi, оларға аудан әкiмi тиiстi жауаптар мен түсiнiктемелер бердi.

Аудан бойынша а.ж. 22 қаңтарда аудан әкiмiнiң 2 есеп беру кездесулерi өткiзiлдi, онда 5 сұрақ пен ұсыныс айтылды.