Ауылдық округтерде есеп беру кездесулері өтті

Ауылдық округтерде есеп беру кездесулері өтті

2020 жылғы 16 қаңтарда Андреевка ауылдық округiнiң Раисовка ауылында, Возвышен ауылдық округiнiң Стерлитамак және Григорьевка ауылдарында, Дружба ауылдық округiнiң Володарское ауылында, Көкалажар ауылдық округiнiң Мәдениет ауылында, Ломоносов ауылдық округiнiң Ставрополка ауылында, Рузаев ауылдық округiнiң Чернобаевка ауылында, Тахтаброд ауылдық округiнiң Литвиновка ауылында, Қырымбет ауылдық округiнiң Қырымбет ауылында, Новосел ауылдық округiнiң Привольное ауылында, Шөптiкөл ауылдық округiнiң Жаркөл ауылында, Червонный ауылдық округiнiң Пески ауылы, Шұқыркөл ауылдық округiнiң 15 жылдық Қазақстан ауылында.

Ауылдық округ әкiмдерiнiң есеп беру кездесулерiнде әлеуметтiк сипаттағы мәселелер, жолдарды жөндеу, интернет сапасы, көшенi жарықтандыру, ауыз су мәселесi және басқа да мәселелер көтерiлдi.

Сондай-ақ есеп беру кездесулерiнде учаскелiк полиция инспекторларының есептерi тыңдалды.

Ү.ж. 16 қаңтарда ауданда ауылдық округтер әкiмдерiнiң 13 есеп беру кездесуi өтiп, 13 сауал мен ұсыныс айтылды.