
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі С. М. Мұхамедиевтің Червонное ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Ауыл тұрғындарымен кездесу жаңа форматта ашық диалог шеңберінде өтті, онда Червонное ауылдық округінің проблемалық мәселелері талқыланды; жолдарды жөндеу, көшені жарықтандыру қажеттілігі, интернет сапасы, балалар және спорт алаңдарын ашу және басқа да әлеуметтік мәселелер белсенді және тілектестікпен талқыланды.
Кездесуден кейін аудан әкімі Червонное ауылының тұрғындарымен жеке кездесу өткізді.