
Бүгін 2022 жылғы 22 ақпанда Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі С. М. Мұхамедиевтің және СҚО бойынша ветеринария басқармасының басшысы Б. А. Әлжановтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, онда Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Аталған кеңеске атқарушы органдардың басшылары, аудан прокуратурасының прокуроры, полиция бөлімі бастығының орынбасары, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары, ауылдық округтердің ветеринариялық дәрігерлері қатысты.