
2022 жылдың 11 ақпанында сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі С. М. Мұхамедиев азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Аудан әкіміне Ставрополка, Пески және Новоишим ауылдарынан абаттандыру және коммуналдық шаруашылық, гүл бизнесін кеңейту, мал басын көбейту үшін субсидиялау, ауыл шаруашылығы, жер заңнамасы, денсаулық сақтау және ауылдардың әлеуметтік мәселелері бойынша 23 адам жүгінді. Аудан тұрғындарынан ең көп сұрақтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және кезектілік мәселелері бойынша келіп түсті.
Қабылдау барысында аудан әкімінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық саласы, автомобиль жолдары және жедел мәселелер жөніндегі орынбасарына, Новоишим ауылдық округінің әкіміне, аудандық ТКШ, жер қатынастары, экономика және қаржы, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшыларына, халықты жұмыспен қамту орталығының директорына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жоғарыда аталған мәселелерді шешуге көмек көрсету бойынша түсініктемелер және тиісті тапсырмалар берілді.