
2021 жылғы 28 қаңтарда аудан әкімі А.А. Тастеміровпен азаматтарды жеке онлайн-қабылдау өткізілді, онда Чистополье және Тахтаброд ауылдарынан 3 адам қабылданды. Чистополье ауылының 50 лет Октября көшесіне асфальт төсеу, ЖОЖ анықтамасын ресімдеу, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі жеке қабылдау барысында түсініктемелер беріп, Чистопол және Тахтаброд ауылдық округтерінің әкімдеріне, сондай-ақ аудандық аурухана дәрігерінің м.а. (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге көмек көрсету жөнінде тиісті тапсырмалар берді, олардың орындалуы бақылауға алынды.