А.ж. 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, көп жылғы адал еңбегі, облыс және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі А.А.Тастеміров облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Н.М.Төребековті, «Букарев В.Н.» ФҚ басшысы А.Г. Стрижовты, «Мада Трейд» ЖШС жүргізушісі А.В.Солохинді марапаттады.
Көп жылғы адал еңбегі және ауданның әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Г.В.Доценко марапатталды.
Аудан алдындағы ерекше еңбегін бағалау белгісі ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге белсене қатысқаны үшін «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Құрметті азаматы» атағы «Жігер – Көкше» ФШ басшысы Е.Н.Әлимжановқа, аудандық Ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Н.Қ.Барақаевқа, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақмола жол бөлімшесі филиалы Новоишимская станциясының бастығы И.Е.Шаймерденовке, «Нежинка-Ерке» ЖШС бас директоры М.К.Жұмабековке, «АФ Приишимский» ЖШС, «Тоқсан Би Ишим» ЖШС, «Буденный СК» ЖШС бас директоры М.М.Гулиевке берілді.
Тәуелсіздік күніне орай естелік сыйлықтармен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдастары №16 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші құтқарушысы И.А.Байгарин, сатушы Р.А.Бекмурзина, орталық аудандық аурухананың операторы Р.Р.Ахметов, аудандық емхананың медбикесі О.В.Ятченко марапатталды.


