
2025 жылғы 22 желтоқсанда аудан әкімдігінің үлкен залында Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Кеңеске Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Сапаров А.С. қатысты.
Кездесу барысында сала жұмысының жыл қорытындылары шығарылды. Мемлекеттік қолдау мен егіс алқаптарын әртараптандырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі өсіп, жоғары өнімділікке қол жеткізілгені атап өтілді. Кеңес аясында ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін «Астық қоймалары “Хлебная база №2”» ЖШС слесарі Мацияускас С.А. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.