
3 желтоқсан 2025 жылы аудан әкімі Аңбаев Р.Ә. азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру, тұрғын үй беру және ауылдық елді мекендерді абаттандыру мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі қойылған барлық сұрақтар бойынша түсіндірулер беріп, аудан әкімінің орынбасарына, Новоселов ауылдық округі мен Нежинка ауылдық округінің әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.