
Ол үшiн ең жақын орналасқан ХҚКО/Мамандандырылған ХҚКО-ты және келуге ыңғайлы күн мен уақытты таңдау керек.
❗️Қызметтi пайдалану үшiн «Арнайы қызметтер» бөлiмiнде «Кезектi онлайн брондауды» таңдау қажет.
Сондай-ақ, қосымшада бiрнеше қызметтi таңдау мүмкiндiгi қарастырылған. Яғни, қазақстандықтар бiр рет бару үшiн үш қызметке дейiн ала алады. Егер азаматқа бiрнеше қызмет алу керек болса, келу мақсатын таңдап, «Бiрнеше қызметтер беру» тармағын белгiлеу қажет. Содан кейiн брондау кезiнде оған көп уақыт бөлiнедi.
☝️Бұдан басқа, қосымшада азаматтар «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтiк аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру» жаңа қызметiн пайдалана отырып, өздерiнiң әлеуметтiк есептемелерiн тексере алады. Анықтаманы бiрнеше минут iшiнде алуға болады. Ал «Құқықтық көмек» бөлiмiнде «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Арнайы мемлекеттiк мұрағатынан мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн алу» қызметiн таңдап, мұрағаттан құжаттардың көшiрмелерiн алуға болады.
Қосымшада Электрондық үкiметтiң 70-тен астам сұраныс қаиеқызметi және цифрлық құжаттардың 6 түрi iске асырылғанын атап өтемiз.
📱 eGovMobile мобильдi қосымшасы Google Play және AppStore-да жүктеуге қолжетiмдi.