
2025 жылғы 24 қыркүйек күні аудан әкімдігінің үлкен залында аудан әкімі мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен Zoom режимінде кездесу өтті.
Кездесу барысында әлеуметтік қызметкерлер SOCIM DIGITAL PLATFORM қосымшасын пайдалану бойынша өзекті сұрақтар мен ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік қызметкерлерден түскен ұсыныстарды қарастыру үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына жолдау ұсынылды.