Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту

2025 жылғы 5 қыркүйекте аудан әкімі аппаратының басшысы Кенжебеков А.Б., аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс жөніндегі бас инспекторы Төлепберген М.С.-пен бірлесіп, Андреев ауылдық округінің әкімі мен мамандарымен семинар өткізді.

Семинар барысында бөлімдердің жауапты мамандарына қызмет көрсету рәсімдерін сақтау бойынша ұсынымдар берілді, сондай-ақ бірінші басшылардың еңбек демалысында, іссапарда немесе уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша болмаған жағдайында рөлдерді ауыстыру үшін мемлекеттік деректер базасының «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесінде СВК-ны алдын ала хабардар ету қажеттілігі түсіндірілді.