
Ставрополка ауылында халықпен кездесу
2025 жылғы 26 тамызда аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков пен Ломоносов ауылдық округінің әкімі В.С. Барсуков Ставрополка ауылының тұрғындарының Солтүстік Қазақстан облысының әділет жүйесінің өкілдерімен кездесуіне қатысты.
Біздің ауданға жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Қ.А. Пилалов, аумақтық бөлімнің басшысы – «№2 Ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімі»филиалының аға сот орындаушысы М.С. Байтеленов, Солтүстік Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы А.С. Маткаримов келді. Іс-шараға аудан нотариусы В.Б. Кенжетаева және адвокат С. Н. Мясников қатысты.
Іс-шараның мақсаты-халыққа құқықтық көмек көрсету, заңнама нормаларын түсіндіру және өзекті мәселелерді шешу.
Ставрополка ауылының тұрғындарына әділет органдарының қызметі, сот шешімдерінің орындалуы, нотариаттық қызметтер, заң көмегі және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Кездесу аяқталғаннан кейін Әділет департаменті басшысының орынбасары К.А. Пилалов азаматтарды жеке қабылдады, оның барысында жеке және проблемалық мәселелер бойынша кеңестер берілді.