Меню

Страницы

Статья

Шетелдіктер ЖСН қалай ала алады

ЖСН тағайындалмаса, шетел азаматтары кәсібін, өз атына автокөлік немесе пәтерін тіркей алмайды. Сондай-ақ ресми түрде жұмысқа орналасып, басшылық қызметке де тағайындала алмайды, банктің кейбір қызметтері де ЖСН-сіз қолжетімсіз.

Қызметті бір жұмыс күні ішінде ХҚО немесе eGov.kz арқылы алуға болады.

Маңызды! ЖСН алу тегін. Ол үшін тек белгіленген үлгідегі өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат керек.

Егер шетелдіктің төлқұжатында аты-жөнінің кириллица немесе латын қарпіндегі емлесі болмаса, паспорттың кириллица немесе латын қарпіне нотариалды куәландырылған аудармасының көшірмесін қоса беру керек.

Шетелдіктер бұл қызметті eGov порталында үшінші тұлға арқылы тапсырыс бере алады. ЭЦҚ-сы болмағандықтан, порталда авторизациялана алмайды. Үшінші тұлға міндетті түрде ҚР азаматы болуы тиіс.

Жауабын жеке кабинетте білуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметі

Дата публикации
13 декабря 2021
Дата обновления
13 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы — 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы