2021 жылғы 29 маусымда аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Жер қатынастары бөлімінің басшысы Қабдуннасов Ж.М. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жай-күйі және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс нәтижелері туралы Рузаев ауылдық округінің әкімі Алғожин Н.Р. есеп берді.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.