Меню

Страницы

Статья

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі заңнамалық актілер

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығы

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:

1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама (бұдан әрi — Тұжырымдама) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

  1. Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiтсiн;
  2. осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi:

  1. өз қызметiнде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
  2. мемлекеттiк жоспарлау жүйесi қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуiн қамтамасыз етсiн.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 шiлдедегi №750 қаулысы

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi — жоспар) бекiтiлсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделi ұйымдар:

  1. жоспарды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
  2. жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

Дата публикации
20 февраля 2020
Дата обновления
20 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы — 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы