Басшылық
Директор — Ахметов Марат Қайыржанұлы
Байланыс мәлiметтер:
СҚО Кәсiпкерлер палатасының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның филиалы
Мекенжайы: Новоишим с, Абылай-Хан к-сi, 11
Тел.: 8 (71535) 79153
Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлер палатасының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның филиалы — бұл 2014 жылдың ақпанында құрылған СҚО КП аумақтық бөлiмшесi.
Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлер палатасының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның филиалының қызметi кәсiпкерлiктi дамытуға және қолдауға, кәсiпкерлердiң құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғауға, бизнестiң билiкпен байланыс процесiн нығайтуға, кәсiпкерлердi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу процесiне тартуға бағытталған.
Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлер палатасының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның филиалы өз қызметiн төмендегi негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырады:


Бүгiнгi таңда өңiрде мыңға жуық кәсiпкердiң жұмысы тоқтады, соның салдарынан өндiрiс көлемi, сондай-ақ жұмыс орындары қысқарды. Солтүсiк Қазақстан облысы бизнес-қоғамдастығының осы және басқа да мәселелерi өңiрлiк кеңестiң «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен өткен кездесуi барысында талқыланды.
Еске салсақ, 15-18 қыркүйек аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев облыстар кәсiпкерлерi, сондай-ақ Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары кәсiпкерлер палаталары жанындағы өңiрлiк кеңестердiң мүшелерiмен онлайн-кездесулердi өткiздi. Ағымдағы бизнес проблемалары туралы бiрiншi болып Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының кәсiпкерлерi хабарлады.
Солтүстiк Қазақстан облысындағы экономикалық ахуал жайында Өңiрлiк кеңестiң төрағасы Олег Иванов ақпараттандырды. Атап айтқанда, бүгiнде СҚО-да жұмыс iстеп жатқан шағын және орта кәсiпкерлiктiң 29 572 субъектiсi бар. Ұйымдастырушылық-құқықтық форма туралы айтатын болсақ, осы көлемнен 5701 немесе 20%-ы заңды тұлға, 19 335 жеке кәсiпкер (65%) және 4 536 шаруа қожалығы (15%).
Осы ретте ТЖ режимiн енгiзуге дейiн Солтүстiк Қазақстан облысында 30 мыңнан астам кәсiпкерлiк субъектiсi болды, онда 104 мыңнан астам адам жұмыс iстеген. Алайда шектеулердi алып тастаған соң, 29 мың кәсiпкерлiк қызметiн қайта бастады, жұмыскерлер саны 100 мыңнан сәл асады.
«Осылайша карантиндi енгiзу салдарынан облыста 1 мыңға жуық кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiн тоқтатты. Жұмыскерлер саны 4 мың бiрлiкке, ал өндiрiс көлемi — 15 пайызға қысқарды. Бiлiм беру саласында қызметкерлер саны азайды. Сауда саласында қысқару көлемi үлкен — 2 мыңнан астам адам қысқарды, ары қарай өнер, ойын-сауық және демалыс, қызмет көрсету саласы, — екi салада жұмыскерлер саны мың бiрлiкке қысқарды», — деп атап өттi СҚО Өңiрлiк кеңесiнiң төрағасы Олег Иванов.
Сондай-ақ спикер соңғы екi жылда солтүстiкқазақстандық кәсiпкерлердi мазалап жүрген Ресей-Қазақстан шекарасында жүктердi тасымалдау мәселесiн көтердi. Ресей шекарасындағы бекеттердiң көбiнде жүк тексеретiн сканерлер жоқ, ал сканерлер бар бекеттерде техника жиi iстен шығады. Проблема Солтүстiк Қазақстан облысы және РФ Қорған облысы арасында орын алған.
«Демек, әр көлiк құралы бойынша техникалық өткелдердi құру керек, бұл дегенiмiз тасымалданып жатқан тауар көлемiнiң 20%-ы, немесе тексеру пунктiнде тауарды тиеп/түсiру керек. Ол үшiн арнайы бригада жасақталған, олардық қызмет көрсетуi әр автомобиль үшiн 50 мың теңгеден басталады, бұл жағдайды карантиндiк iс-шаралар тiптен қиындатқан, осы бригадаларды барлық жерге бiрдей кiргiзе бермейдi, кейбiр жерлерде бригадалар тiптен жоқ. Сондықтан тасымалдаушыларға сканерi бар көршiлес бекетке баруға тура келедi (орта есеппен жол жүрiсi 700 км-ға артады). Ал бұл дегенiмiз қосымша шығын, оның салдары тауардың өзiндiк құнына әсер етедi. Осылайша, сканерлер проблемасы салдарынан бизнес қосымша шығынданады, орта есеппен — тәулiгiне 19 млн теңге, ал 5 ай iшiнде бұл сан 3 млрд теңгеге дейiн жетедi», — деп атап өттi Олег Иванов.
Осы ретте қазақстандық тараптан тексеру өткенде мұндай қиындықтар болмайды.
Бұл мәселенiң шешiмi ретiнде СҚО кәсiпкерлер Ресей Федерациясының шекара қызметiнiң мемлекеттiк шекарадан өту кезiнде технологиялық өткелдерге деген талапты алып тастауды ұсынады. Сонымен қатар тексеру кезiнде авто көлiктерге қойылатын нақты жiктеменi белгiлеп, сондай-ақ ресейлiк тараппен сканерлердi жолға қоюға қатысты келiссөздер жүргiзуде ұсынды.
Облыстың ауыл шаруашылығы өндiрушiлерi Чехия Республикасынан iрi қара малды тасымалдауға қатысты негiзсiз тыйымға қарсы шықты. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринарлық бақылау комитетi 2019 жылдың маусымынан бастап Чехиядан iрi қара малын тасымалдауға тыйым салған. Тыйым салудың себебi ресейлiк Набережные Челны қаласындағы «Торговый дом КамАгро» ЖШҚ жеткiзушi фирма тарапынан Чехиядан Қазақстанға малды жеткiзуде алаяқтық әрекеттерi болды.
Алайда, кәсiпкерлердiң, палата заңгерлердiң пiкiрiнше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес импорттаушы елден малды импорттауға тыйым салуға себеп сол елде мал ауруларына байланысты жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз ситуацияға ғана бола алады. Яғни ресейлiк жеткiзушiнiң бiрлi-екiлi алаяқтық әрекеттерi мал тасымалына тыйым салуға себеп бола алмайды.
«Өңiрлiк палатаға осы мәселемен бес кәсiпкер — «Донецкое», «Есмағұлова», «Бақыт» шаруа қожалықтары, «АгроКомплекс Сулышок» ЖШС және «ПромВодСтрой» ЖШС көмекке жүгiнген. Олардың барлығы Чехиядан 500 бас iрi қараны алуды жоспарлаған, алайда импортқа салынған тыйым салдарынан рұқсат берiлмедi. Соның iшiнде Палатаның көмегiмен «Бақыт» шаруа қожалығы 100 бас, «АгроКомплекс Сулышок» ЖШС 100 бас малды әкеле алды. Қалған кәсiпкерлер малды логистика мен мал құны қымбат елдерден импорттауға мәжбүр. Чехияда бас iрi қара малдың бағасы 2100-2200 АҚШ долларын құраса, ал Германияда 1 бас iрi қара бағасы — 2500 АҚШ долларынан басталады. Бұл тыйымға бiр жылдан асты», — дедi «Оптимум Петро» ЖШС директоры Раиль Мендеев.
Айта кетелiк, бұл мәселенi шешу үшiн кәсiпкерлер СҚО прокуратурасына жүгiндi, прокурорлар да тыймға заңдық негiз жоқ екенiн растады. Алайда проблема облыс деңгейiнде шешiлмей отыр, сондықтан кәсiпкерлер «Атамекен» басшысы Тимур Құлыбаевтан мәселенi республикалық деңгейде шешуге көмектесудi сұрады.
Кәсiпкерлер жолаушы тасымалына қатысты мәселелердi көтердi. «Covid-19» iндетiне қатысты тыйым осы сала кәсiпкерлерiне қатты кедергi келтiрдi, автовокзалдар, автобекеттер және облыс аралық автобус қатынастарына тыйым салынды. Кәсiпкерлердiң пiкiрiнше, мұндай шара заңсыз жұмыс iстейтiн тасымалдаушылар санын арттырды. Осы ретте санитарлық нормалар мен әлеуметтiк қашықтық сақталмайды. Сондай-ақ өңiрлiк кеңес мүшелерi сатып алулар мен салықтық төлемдер мәселелерiн көтердi.
Кездесуде айтылған мәселелердiң барлығы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен назарға алынып, ары қарай шешу үшiн Үкiмет алдында қаралатын болады.
Айта кетелiк, жуық арада СҚО кәсiпкерлер палатасы өңiрлiк кеңес мүшелерiмен бiрге 29 қазанда Үкiметтiң қатысуымен өтетiн «Атамекен» Съезiнде оларды егжей-тегжейлi талқылау үшiн аймақтағы бизнестiң жүйелiк проблемаларына мониторинг жүргiзудi жалғастырады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Солтүстiк Қазақстан филиалы 4,3 млрд. теңге сомасына 811 жобаны қаржыландыруға мақұлдады: оның iшiнде Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту «Еңбек» бағдарламасының (бұдан әрi — бағдарлама) қаражатын игеру шеңберiнде 2 650,0 млн. теңге сомасына мынадай қызмет түрлерiб ойынша 692 жоба мақұлданды:
қызмет көрсету саласы бойынша 305 жоба — 1 444,2 млн. теңге, оның iшiнде:
798 жұмыс орны құрылды (берiлген қарыздар бойынша).
Кредит беру келесi бағдарламалар бойынша жүргiзiледi:
Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту «еңбек» бағдарламасының қаражатынан, келесi бағыттыр бойыншша:
Қамтамасыз ету: кепiлмен қамтамасыз етудiң жалпы сомасының 50% кем емес, қалған бөлiгi қарыз қаражаты есебiнен сатып алынатын IҚМ, техника/ жабдықтар түрiнде;
Соңғы қарыз алушы үшiн сыйақы мөлшерлемесi жылдық 6% құрайды.

Конкурсты ұйымдастырушылар: Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов ауданының әкiмдiгi.
Мекен жайы: Новоишим ауылы Абылай хан көшесi 28.
Пошта индексi: 150400
Электрондық пошта: op_gm@bk.ru
Байланыс телефоны: 8(71535)21745
Байқау пәнi:
| № | Номинацияның атауы | Сипаттамасы |
| 1 | «Жыл меценаты» | Кіші Отанда ірі әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсеткені үшін |
| 2 | «Туған өлке» | Елді мекендерді абаттандыруға, саябақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалардың ойын алаңдарын қайта жаңартуға және салуға, Денсаулық сақтау, мәдениет, білім және спорт саласында демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін |
| 3 | «Жыл тұлғасы» | Белсенді азаматтық ұстанымы, түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін (тек жеке тұлғалар үшін) |
| 4 | «Жылдың үздік ұйымы» | Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді іске асыру, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізу және/немесе қоғамдық маңызы бар іс-шараларға бас демеушілік ету үшін (тек заңды тұлғалар үшін)) |
| 5 | «Еренеріктілік» | Волонтерлік қызметке белсенді қатысқаны үшін |
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2019 жылғы 01 шiлдеден бастап 01 тамызға дейiн.
Конкурсқа қатысу үшiн құжаттар пакетi
Жеке тұлғалар үшiн:
Заңды тұлғалар үшiн:
Жоғарыда аталған байқауға қатысуға тiлек бiлдiрушiлердi сұраймыз.
Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ
Орналасқан жерi: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;
пошталық мекенжайы: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521каб.;
электрондық пошта мекенжайы: otdbisnes@sko.kz; AAkhmetova@sko.kz
байланыс телефоны 8 (7152) 50-22-85, 50-49-23.
Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол қартасы-2020» бизнестi қолдаумен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм берiлетiн жер: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша конкурстық өтiнiм мен толық құжаттама топтамасын бередi.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2019 жылғы «3» маусымнан бастап 2019 жылғы «21» маусым аралығында, жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).
Өтiнiмдердi беру басталатын күнi мен уақыты: 2019 жылғы «3» маусымнан сағат 10.00-ден бастап (жергiлiктi уақытпен).
Өтiнiмдердi беру аяқталатын күнi мен уақыты: 2019 жылғы «21» маусым сағат 13.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).
Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.upt.sko.gov.kz сайтында танысуға болады.
Гранттық қаржыландыру шарттары:
Талап етiлетiн құжаттар (ZIP 88 Kb)
«Қолжетiмдi кредит беру мiндетiн шешу үшiн ұзақ мерзiмдi теңгелiк өтiмдiлiктi қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы» сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 қаулысымен басым жобаларға кредит беру тетiгi(бұдан әрi-тетiк)бекiтiлгеннiң хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң меншiктi қаражаты және оның басқаруындағы қаражат есебiнен 600 млрд. теңге бөлiнетiн болады.
Осы тартылғанқаражаты мен меншiктiқаражаты:
Ұсынылған қаражаттың нысаналы мақсаты — инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсатында өңдеу өнеркәсiбi және агроөнеркәсiптiк кешенде қызметiн жүзеге асыратын ЖКС-ге кредит беру. Жаңартылатын негiзде айналым қаражатын толықтыруға жол берiледi.
ЖКС-тi қаржыландырудың қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында мемлекет осы тетiктiң шарттары бойынша берiлген ЖКС-ның банктiк кредиттерi бойынша сыйақы мөлшерлемесiң бiр бөлiгiн субсидиялауды жүзеге асыратын болады.
Қазiргi уақытта өңiрлерде қажеттiлiктi ескере отырып, Жеке кәсiпкерлiктi қолдауға бөлiнетiн қаражат көлемiн реттеу мақсатында «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ-ға 2019 жылы сыйақы ставкасын субсидиялау үшiн 30 млрд. теңге мөлшерiнде қосымша қаражатты тiкелей аудару тетiгi әзiрленуде.
Нысаналы топ «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасында айқындалған және басым жобаларды кредиттеу үшiн тауарлар тiзбесiне (бұдан әрi — тiзбе) сәйкес экономиканың басым салаларында жобаларды iске асыратын кәсiпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi болып табылады)(ҚРҮҚ 11.12.2018 жылғы №820 қосымшасы).
Бұл ретте, жобаның нысаналы мақсатын растау үшiн барлық экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiнiң (бұдан әрi — ЭҚЖЖ) нақты бiр түрiне байланыстырылған Тiзбенiң кемiнде бiр тауар түрiн шығару жеткiлiктi. Көрсетiлетiн қызметтер саласы үшiн сәйкестiк өлшемшарты ЭҚЖЖ түрлерiне жатқызылады.
Субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесi жылдық 15%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 8%-ын ЖКС төлейдi, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын болады.
Инвестицияларға жұмсалған кредиттердi субсидиялау мерзiмi субсидиялау мерзiмiн ұзарту құқығынсыз 7 жылдан аспайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттердi субсидиялау мерзiмi субсидиялау мерзiмiн ұзарту құқығынсыз 3 жылдан аспайды.
Субсидиялау шарттары, тәртiбi және тетiгi, сондай-ақ осы тетiк шеңберiнде iске асырылатын жобалардың мониторингi «БЖК-2020» бағдарламасы шеңберiнде сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау қағидаларымен регламенттелетiн болады.
«АТФ Банк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ» екiншi деңгейдегi банктердiң филиалдары келесi бағыттар бойынша басым жобаларды қаржыландыруға өтiнiмдер қабылдау жүргiзiлуде:
«СҚО Ғабит Мүсiрепов атыңдағы аудан
әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмi КММ»
Әбiлмәжинов М.Қ.
Ұлттық кәсiпкерлер палатасы бизнесмендердiң нақты қажеттiлiгiне қарай құжаттарды автоматты түрде құруға мүмкiндiк беретiн келiсiм-шарттар нұсқаларының онлайн-сервисiн iске қосты.
Заманауи ахуалда шағын және микро-бизнес өз қызметiн белсендiру бойынша маңызды мiндеттердi орындау, рұқсаттар мен мақұлдауларды алу, түрлi органдарға барумен қатар басты нәрсенi — сауатты құрылған шарттар, заңгерлер мен бухгалтерлер кеңесi, заңдар мен актiлер ережелерiн бiлу бойынша шараларды ұмытып кетедi.
«Атамекен» бұл мiндеттi өзiне алып, BestProfi компаниясымен бiрлесiп, бiрегей сервис — «Құжаттар конструкторын» www.contract.аtameken.kz әзiрледi.
Жаңа сервистiң артықшылығы қандай?
Шағын және микро-бизнеске арнап, «Атамекен» осы сегментке анағұрлым өзектi 100 құжатты дайындап, «Бизнес құқығын қорғау» айдарында ашық қолданыста жариялады. Бұл қызметкермен еңбек келiсiм-шарты (оның iшiнде шетел азаматымен), атқарылған жұмыс актiсi, дүңгiршек немесе асхананы жалға алу шарты, бiр реттiк қызмет көрсету келiсiм-шарты және т.б.
Сервистiң артықшылығы — кәсiпкер нұсқалық блоктарды қатар қолданып, өзiнiң қажетiне қарай құжаттарды «құрастыра» алады. Ыңғайлылық үшiн сервис құрылған құжаттар нұсқасы тарихнамасы және контрагенттер деректерiн сақтап отырады. Осылайша келесi жолы толтыру кезiнде уақыт үнемделедi.
Оңай және ыңғайлы
сontract.аtameken.kz сервисi пайдалануда ашық әрi ыңғайлы. Кәсiпкерлерге бар болғаны сайтқа тiркелiп, тегiн «Бизнес құқығын қорғау» тарифын таңдау керек. Сервисте жарияланған келiсiм-шарттар үлгiлерi мүмкiн болатын тәуекелдер ескерiлген, кәсiпкерлердiң құқығын қорғау механизмдерi ойластырылып, әлеуеттi шығындар барынша азайтылған. Бұған қоса әр құжат кәспкерлер арасында туындаған дауды сотқа дейiн «Атамекеннiң» Арбитраж орталығы арқылы шеше алатыны туралы тармақ бар. Дауларды осындай жолмен шешу — бизнестiң уақыты мен қаражатын үнемдейдi.
Қосымша мүмкiндiктер
Сервисте дайын құжаттардан бөлек, азаматтық еңбек, қалмыстық құқық, бухгалтерлiк саласында практикалық тәжiрибесi мол сарапшылардың 500 дайын кеңесi жарияланған. Сонымен қатар сервиске кәсiпкерлiк жайында мемлекеттiк органдандың 10 000 жауабы қамтылған. Сайтта iздеу тетiгi арқылы бухгалтерия, заңгерлiк, маркетинг және басқа да мәселелер бойынша вебинарларды көруге болады.
Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк көрме-байқауына қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.
Облысымызда өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарлар мен өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм өндiретiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар Байқауға қатыса алады. Байқауға қатысу тегiн.
Байқау үш номинация бойынша жүргiзiледi: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар», «Халық тұтынатын үздiк тауарлар», «Үздiк азық-түлiк тауарлары». Әр номинацияда үш жеңiмпаз анықталып, олар Республикалық көрме-бауқауында облыс атынан қатысады.
«Қазақстанның үздiк тауары» — кәсiпорын үшiн жарнама жасау мен тұтынушыны тартуға үлкен мүмкiндiк.
Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.
Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған байқауға қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.
«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығы конкурстық негiзде талапкер кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы үшiн жыл сайын берiледi.
2018 жылдан бастап «Алтын сапа» байқауына ауыл шаруашылық пен азық-түлiк өнiмдерiн өндiру саласындағы жаңа төртiншi номинациясы енгiзiлдi. Сәйкесiнше сыйлық келесi категориялар бойынша берiлетiн болады: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын», «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын» және «Азық-түлiк тауарларын және/немесе ауылшаруашылық өнiмдерiн шығаратын үздiк кәсiпорын» номинациядағы шағын, орта және iрi кәсiпкерлiктiң субъектiлерi.
Сонымен қатар осы жылдан бастап Байқаудың жеңiмпаздары лауреат дипломы мен эмблемалардан бөлек, 450 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде (бiр миллион теңгедей) ақшалай сыйақы алатын болады.
Бүгiнгi таңда осы байқау ұлттық брендке айналып, сапа саласындағы ең беделдi байқауы балып саналады. Байқауға қатысу тегiн.
Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.
26.02.2018 ж.
мәтiн: Құрметтi кәсiпкер!
Сiздiң назарыңызға «Атамекен» ҚР ҰКП қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша ақпаратты ұсынамыз. Аталған ақпарат топтамасы келесi тақырыптар бойынша негiзгi көрсеткiштер мен фактiлердi қамтиды:
Бiз атқарылған жұмыс бойынша тұрақты түрде ақпаратпен бөлiсуге дайынбыз.
Толық ақпаратты «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтынан www.atameken.kz таба аласыздар, сұрақтар туындаса байланыс-қызметiне 1432 қысқа нөмерi бойынша хабарласуға болады
Құрметпен, «Атамекен» ҚР ҰКП ұжымы
«Атамекен» — бизнестiң сенiмдi серiктесi
Пакет: 3 инфографика



2017 ж. 30.10.

11 Қыркүйекте «Атамекен» алаңында Ұлттық кәсiпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, кәсiпкер Қайрат Құдайбергеннiң қатысуымен баспасөз мәжiлiсi өттi. Баспасөз мәжiлiсiнде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Ұлттық палатаның бастамасымен «Атамекенiм» акциясының басталғаны туралы хабарлады.
Акцияның мақсаты — әлеуметтiк жауапкершiлiк мәселелерiнде бизнестiң бастамаларына қолдау көрсету. Акция Қазақстанның 16 өңiрiнде өтедi.
«Елiмiзде «Туған жер», «Туған жерге тағзым» атты шаралар өткiзiлiп келедi. Бiз Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында «Атамекен» акциясын ұйымдастырып отырмыз. Бұл акция аясында Ұлттық палата бiрнеше бастамаларды көтерiп отыр», — деп хабарлады Абылай Мырзахметов.
БАҚ өкiлдерiмен кездесу барысында Абылай Мырзахметов қайырымдылықты ынталандырудың экономикалық шаралары бар екенiн еске салды. Әлеуметтiк мәселелердiң шешiлуiне атсалысқан кәсiпкерлер белгiлi бiр салық жеңiлдiктерiн пайдаланады.
«Қолдағы ақпаратты қарайтын болсақ, салық жеңiлдiктерiн пайдаланудың тиiмдiлiгi, қайырымдылықтың қоғам дамуына әсерi туралы бағалау мен мониторинг жоқ. Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң мәлiметiнше, қайырымдылық бойынша салық салудың жеңiлдiк нормасын пайдаланған кәсiпорындар саны 2015 жылы 2 мыңға жеткен, ал салық салынатын табысты азайту сомасы — шамамен 46 млрд теңге», — дедi Басқарма Төрағасы.
Абылай Мырзахметов сонымен қатар «Атамекен» ҰКП бастамалар жайында таныстырып өттi.
«Бiз «Парыз» мемлекеттiк сыйлығын бекiтудi, «Үздiк әлеуметтiк кәсiпкер» аталымын беру туралы бастама көтерiп отырмыз. Басты мақсат — қайырылымдылық жасау, жақсылыққа шақыру идеясын таратып, әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқан кәсiпкерлердiң үлесiн бағалау, ынталандыру», — деп түсiндiрiп өттi Басқарма Төрағасы.
Ал кәсiпкер Қайрат Құдайберген қайырымдылық жасаған, әлеуметтiк мәселелердi шешуге үлес қосқан кәсiпкерлер туралы ақпаратты тарату көпшiлiктi игi iстердi атқаруға үндеу екенiн атап өттi. Ал кәсiпкерлердiң көбi салық саласында белгiлi бiр артықшылыққа ие болатыны туралы хабарсыз екенiн айтқан бизнесмен ынталандыру шараларының ауқымы кең болуы керектiгiн ұсынды.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Ұлттық палата әзiрлейтiн Әлеуметтiк мәселелер тiзiмiн түсiндiрiп өттi.
«Бiз Қазақстан бойынша қандай әлеуметтiк мәселе бар екенiн жинақтағымыз келедi. Өңiрлер бойынша жеке-жеке сараланған мәселелер кәсiпкердiң әлеуметтiк мәселелердi шешуiне көмек болады. Кәсiпкер қандай да бiр көмек бере отырып, салықтық артықшылықтарды пайдалана алады», — дедi Эльдар Жұмағазиев.
«Атамекен» ҚР ҰКП ресми интернет-ресурсында «Қайырымдылық» айдары ашылады және осы айдарда Әлеуметтiк мәселелер тiзiмi жарияланады. Қандай да бiр көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тiзiмге өтiнiм қалдыруға мүмкiндiгi бар. Кәсiпкерлер өтiнiм-тiлектермен таныса алады. Өтiнiм қалдыратын немесе керi байланысқа тапсырыс беруге болатын арнайы батырма да iске қосылады.
Бүгiнде «Атамекен» ҚР ҰКП Павлодар облысының әкiмдiгiмен бiрге Екiбастұз қаласы мен Шарбақты ауданын мысалға ала отырып, елдiмекендер жеке-жеке енгiзiлген Әлеуметтiк мәселелер тiзiмiн дайындады. Ұлттық палата облыстарда және әрбiр елдiмекенде жекелей атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн мәселелерге сұрыптау жүргiзудi ұсынып отыр.
Баспасөз мәжiлiсiнде «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атап Ұлттық палата кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, жас ұрпақтың қаржылық сауатын ашу, интеллектуал ұлт қалыптастыру мәселесiне көңiл бөлiп отырғанын екреше атап өттi. Сонымен қатар меценаттардың, қайырымдылықпен айналысатын кәсiпкерлердiң де тiзiмiн дайындау туралы бастама көтерiлгенiн хабарлады.
«Атамекен» акциясы аясында Facebook пен Instagram әлеуеметтiк желiлерiнде жалпыға ортақ топтар ашылады. Аталған топтар әлеуеметтiк жауапкершiлiк танытатын азаматтар мен көмектесуге дайын бизнесмендердiң басын қосады. Аталған акция 2017 жылдың соңына аяқталады.
Тұрар Ысқақов өткен жылы тындырылған шаруаларды бағамдады. Жыл санап кәсiпкерлiк қауымдастықтың Палатаға деген сенiмi артып келедi. Дәйектердi тергiштесек, 2016 жылы солтүстiкқазақстандық кәсiпкерлер тарапынан 3,5 мыңнан астам өтiнiм жолданды. 312-сi кәсiптi қорғауға байланысты болып, 245-i бойынша жағымды шешiм қабылданды. Кәсiпкерлердiң мүддесi 360 млн. астам теңге деңгейiнде қорғалды. Өткен жылы Палатаның филиалымен 39 әкiмшiлiк кедергi анықталды. Оның iшiнде 23 жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк кедергiлердiң 16-сы оң шешiлдi. 14-i бойынша ақпарат Мәселелердiң республикалық тiзiлiмiне енгiзу үшiн ҚР ҰКП жолданды.
Палатаның басқа қызметтерi бағытында да қол жеткен жiтiстiктер бар. «Бiздiң бастамамыз бойынша облыс әкiмдiгiнiң өкiлдерiнен жұмыс комиссиясы құрылды. Оның құрамына облыс әкiмiнiң орынбасары, басқармалардың басшылары және кәсiпкерлер кiрдi. Жалпы комиссияның бiлiм беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйлер мен жолдарды салу бағытында мемлекеттiк сатып алу бойынша 8 отырысы ұйымдастырылды. Оған кәсiпкерлер шақырылып, азық-түлiк өнiмдерiн, тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуда туындайтын мәселелер қарастырылды. Мемлекеттiк сатып алу бойынша 17 компанияға 2 млрд. астам теңгеге 150 шарт жасасуға қолғабыс етiлдi», — деп атап өттi Тұрар Ысқаков.
Кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi 147 ККО жұмысына қатысады. Олардың 100-i аудандық деңгейде болып табылады. 2016 жылы басымдыққа ие ККО 102 отырысы өттi. Онда 5 мыңнан астам сұрақ талқыланған. Олардың 1,5 мыңы кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты. 60% бойынша оң шешiм қабылданды.
Аймақта АӨК басымдыққа ие. Оған баса назар аударылады. 2016 жылы кооперация бойынша ауылшаруашылық тауар өндiрушiлермен 138 жиын ұйымдастырылды.
Бүгiнде аудандарда … АӨК жұмыс жасайды. Олардың … дәндi және майлы дақылдарды өндiруге, …. iрi қараны көбейтуге, … қайта өңдеуге бағытталған. Әлi де аграрлық салада бiлiктi мамандардың тапшылығы байқалып отыр. Мәселенi шешудiң жолдарын Палата мықтап қолға алды. Жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрге дуалды оқытудың жол картасы жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингi комитетi (бұдан әрi — Комитет) 2016 жылдың 20 сәуiрiнен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрi — АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерiстер енгiзуiмен байланысты, қаржы мониторингi субъектiлерiнiң тiзiмiнiң кеңейтiлуi туралы хабарлайды.
АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесi мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:
Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттiк органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекiту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес, Комитетке, қызметтi жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.
2016 жылдың қыркүйек-қарашасында, Комитетпен түсiндiру шаралар сондай-ақ хабарламаларды қабылдау өткiзуi жоспарланып отыр.
Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерiнiң өкiлдерiң, d.mukushev@minfin.gov.kz, r.iskakov@minfin.gov.kz электрондық мекенжайларына келесi ақпаратты: ұйымның атауы, тiркеу мекенжайы, өкiлдiң Т.А.Ә, телефон нөмiрлерiң, жолдауынызды сұраймыз.
Жұмыс кездесуiнiң күнi және уақыты туралы ақпарат, Сiздермен көрсетiлген байланыс деректерiне байланысты қосымша хабарланады.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.
Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
Кәсiпкерлiк субъектiлер жадынамасы
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ақпараттық көмек
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсiпкерлiк кодексiнiң 282 бабына сәйкес, инвестор үшiн «бiр терезе» қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттiк органдармен тiкелей байланысын шектеудi көздейтiн, инвесторларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуда инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган тарапынан жәрдемдесудiң орталықтандырылған нысаны түсiнiледi.
Инвестор деп, Кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға түсiнiледi.
Бүгiнгi күнi, инвесторлар үшiн «бiр терезе» нысанында жұмыс Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (мекенжайы Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1) (бұдан әрi — Орталық) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» РММ базасында Инвесторларға қызмет көрсету 19 сектроларында (бұдан әрi — Секторлар) жүргiзiледi. Консультациялар және мемлекеттiк қызметтердi алу барысында көмек көрсету Орталықтың және Инвесторларға қызмет көрсету сектроларының негiзгi мiндетi болып келедi. Сонымен қатар, инвесторлар үшiн Орталықта Call-Centre 8 (7172) 754540 жұмыс iстейдi.
www.isc.baseinvest.kz интернет — ресурсында «Бiр терезе» модулi жұмыс iстейдi, ол онлайн режимiнде Қазақстандағы инвестициялық қызмет көрсету туралы барлық қажеттi ақпаратты алуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ инвесторларға мемлекеттiк органдар тарапынан мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
| № | Филиалдың атауы және мекенжайы | Директордың ТАЖ | Ұялы телефондары | Телефон/факс | Е-mail |
| 1. | Айыртау ауданының филиалы Саумалкөл ауылы, Достык, к., 35 |
Қалымов Данияр Мұхтарұлы | (71533) 79033 | y.sadvakassov@palata.kz | |
| 2. | Аққайың ауданының филиалы Смирнов с., Пушкин к., 56 |
Аитов Руслан Хасанұлы | 7 777 902 3921 | (71532) 79056 | r.Aitov@palata.kz |
| 3. | Ақжар ауданының филиалы Талшық с., Целинная к., 24-11 |
Ахметов Хасен Қабиденұлы | (71546) 79126 | z.Khamitov@palata.kz | |
| 4. | Есіл ауданының филиалы Явленка с., Ибраев к., 9 |
Базарбаев Серік Қабышұлы | 7 701 511 1968 | (71543) 79092 | s.bazarbayev@palata.kz |
| 5. | Жамбыл ауданының филиалы Пресновка с., Е. Шайкин к., 40 |
Лазарева Наталия Владимировна | 7 777 320 0303 | (71544) 79015 | n.Lazareva@palata.kz |
| 6. | Мағжан Жұмабаев ауданының филиалы Булаев қ., Озерная к., 1А |
Шәрімов Нұржанат Сабырұлы | 7 777 299 9644 | (71531) 79055 | n.Sharimov@palata.kz |
| 7. | Қызылжар ауданының филиалы Бескөл ауылы, Институтская к., 10 |
Нұрмұқанов Асқар Запкенұлы | 7 705 255 9913 | (71538) 79071 | a.Nurmukanov@palata.kz |
| 8. | Мамлют ауданының филиалы Мамлютка қ., Школьная к., 41 |
Василенко Нина Николаевна | 7 777 607 3260 | (71541) 79016 | n.Vassilenko@palata.kz |
| 9. | Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның филиалы Новоишим а., Абылай-Хан к., 11 |
Ахметов Марат Кайыржанұлы | 7 775 617 7169 | (71535) 79153 | m.Akhmetov@palata.kz |
| 10. | Тайынша ауданының филиалы Тайынша қ., Астана к., 167 |
Нұрсейітов Аслан Маратұлы | 7 701 893 7373 | (71536) 79207 | a.Nurseitov@palata.kz |
| 11. | Тимирязев ауданының филиалы Тимирязев с., Молодежная к., 31 |
Гурьянов Александр Анатольевич | 7 705 321 2776 | (71537) 79052 | a.Guryanov@palata.kz |
| 12. | Уәлиханов ауданының филиалы Кішкенекөл с., Гагарина к., 84А |
Ахметов Батырхан Серікұлы< | 7 701 397 7242 | (71542) 79068 | b.Akhmetov@palata.kz |
| 13. | Шал ақына ауданының филиалы Сергеевка қ., Желтоқсан к., 25-11 |
Жақсыбаев Мұхамеджан Қуанышұлы | 7 777 976 8235 | (71534) 79008 | m.Zhaxybayev@palata.kz |