Құрылыс жұмыстарының көлемi 4,7 млрд. теңгенi құрайды, өсiмi 1,9 есе.
Есептi кезең iшiнде 9,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi.
Ағымдағы жылдың шiлде айында Новоишим ауылының Советская көшесiнде 50 пәтерлi үй пайдалануға берiлдi. Құрылысқа 420,0 млн. теңге бөлiнiп, игерiлдi. Пәтер көпбалалы отбасылар мен кезекте тұрғандарға берiлдi.
Сондай-ақ, Новоишим ауылының Локомотивная көшесi бойынша сметалық құны 651,424 мың теңге болатын 50 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлуде. Құрылысты «ПМК-5» ЖШС мердiгерлiк ұйымы жүргiзуде.
Сонымен қатар, тағы бiр 50 пәтерлi үйдiң құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзiрлеуге конкурс жарияланды.
Ауданның кәсiпорындарымен тұрғын үй құрылысы белсендi жүргiзiлуде. Сонымен, Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде ауданда 39 үй құрылысы аяқталуда. Құрылысты келесi шаруашылық субъектiлерi жүргiзедi: «АФ Приишимский» ЖШС — 5 үй: «Адани-Агро» ЖШС — 5 үй; «Ақселеу» ЖШС — 10 үй; «Агро-Есiл» ЖШС — 2 үй; «Намыс» ЖШС — 3 үй; «ПМК-5» ЖШС — 10 үй; «АЗКО» ЖШС — 4 үй. Тұрғын үйлердi сатып алуға республикалық бюджеттен 273 190,3 мың теңге бөлiндi.
2018 жылдың 9 айында алдын ала болжам бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2 692,5 млн. теңгені немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 114,0% құрады (2017 жылы көлемі 2 179,6 млн. теңгені құрады).
2018 жылға құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 9100 шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарын жеткізді.
9 айда 9 117 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен арақатынаста 102,4% құрайды (2017 жылы 8 901 шаршы метр тапсырылды).
Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша 2017 жылы мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған тұлғалар:
Оразымбетова Рита Жексембiқызы — Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның №1 сотының судьясы.
Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша 2016 жылы мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған тұлғалар:
Тұрғын үйдiң құрылысы, оларды сыртқы инженерлiк желiлермен және аумақты абаттандырумен, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды өткiзумен қамтамасыз етуiн есепке алумен «Нұрлы жол», 2020 жылға дейiнгi Өңiрлердi дамытудың және Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламалары шеңберiнде жүзеге асырылды.
Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы (әрi-қарай Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберiнде әзiрленген.
Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысының мынадай негiзгi бағыттары көзделедi:
1. ЖАО-да кезекте тұрғандар үшiн тұрғын үй.
2. ҚТҚЖБ желiсi бойынша тұрғын үй:
3. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — «ҚИК» ИҰ» АҚ) тұрғын үйi:
4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» АҚ) тұрғын үйi.
5. Авариялық тұрғын үйдi бұзу жөнiндегi пилоттық жобалар шеңберiндегi тұрғын үй.
6. Жеке меншiк тұрғын үй.
«Қазақстанның үшiншi жаңғыртуы: ғаламдық бәсекеге қабiлеттiлiк» Қазақстан халқына Жолдауындағы Қазақстан Республикасы Президентiмен 2017 жылдың 31 қаңтарда тапсырылған екiншi кешендi мiндетiн орындау аясында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының iс-шаралар жоспарын iске асыруға дайын.
Пилоттық жоба шеңберiнде ДСК технологияларды және жергiлiктi құрылыс материалдарды қолданумен бiрыңғай сәулеттiк стильде жеке тұрғын үйдiң құрылысы жоспарланды. Объектiлердiң қаржыландыруы кредиттiк тұрғын үйдiң құрылысына борышкерлiк бағалы қағаздарды шығару жолымен, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ бұрын тартылған қаражаты есебiнен револьвердiк тетiгiн қолданумен.
Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы ең бiрiншi мақсаты азаматтар үшiн тұрғын үйге қол жетiмдiлiк болып табылады.
Халықтың әлеуметтiк осал жiктерiнiң тұрғын үй мәселесiн шешу үшiн мемлекет жалға берiлетiн (коммуналдық) тұрғын үй салуды жүзеге асыруда.
2012 жылдан берi халықтың ауқымды жiктерi, оның iшiнде әлеуметтiк осал жiктер мен жас отбасылар үшiн жергiлiктi атқарушы органдар және мемлекет қатысатын компаниялар жалға берiлетiн тұрғын үйдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесiнiң кредиттiк тұрғын үйiн салуды жүзеге асыра бастады.
Халықтың тұрғын үйге қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысының негiзгi бағыттарын көздейтiн, Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы iске асырылуда, оның iшiнде:
Қолжетiмдi тұрғын үй тапшылығы проблемасын шешу үшiн неғұрлым перспективтi және қолжетiмдi құрал ретiнде жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысының көлемi ұлғайтылады.
Осыған байланысты тұрғын үй инфрақұрылымы «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның желiсi бойынша жалға берiлетiн тұрғын үйдi дамытуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат беру жолымен нығайтылатын болады.
«Нұрлы жол» бағдарламасының «Кредиттiк тұрғын үй» бағытын iске асыру шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органмен (әрi қарай ЖАО) және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ (әрi қарай — Банк) арасында инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жұмыс жасау туралы Меморандумдарға қол қойылды (әрi қарай — Меморандумдар). ЖАО салған кредиттiк тұрғын үйдi сатып алуға Банктiң талаптарына сәйкес ЖАО кезектегiлер тiзiмiндегi салымшыларынан көрсетiлген құжаттарға сәйкес Банкпен кредиттелетiн болады.
Осымен қатар хабарлаймыз, ЖАО кезектегiлер санын қолдау мақсатында, 21.09.2016 жылы Банк Директорларының Кеңесiмен ЖАО кезектегiлер үшiн тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келiсiм шарт жасауға комиссияны алып тастау туралы шешiмi қабылданды, бүгiнгi күнi ЖАО кезектегiлерi ақысыз тегiн тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келiсiм шарт жасауға және мемлекеттен 200 АЕК астам сомма 20 пайыз көлемiнде сый алуға мүмкiндiктерi бар.
ЖАО арқылы несиелiк тұрғын үйдi жалға алу үшiн әлеуеттiк үмiткерлер болып табылатындарға «Кредиттiк тұрғын үй» бағыты бойынша ЖАО кезектегiлерi конкурсқа қатысу үшiн тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы (жоқ болған жағдайда) Банкпен «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтiнiш беру мүмкiндiгi үшiн келiсiм шарт жасау қажет.
Сонымен қатар, азаматтардың коммерциялық тұрғын үй сатып алу мүмкiндiктерiн кеңейту және тұрғын үй жинақтары мен азаматтардың тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу салымдарының қорғалуын арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Үлестiк тұрғын үй құрылысын жүйесiн дамыту үшiн үлескерлердiң үлестiк салымдарына кепiлдiк беру тетiгi мен оларды сақтандыру институты енгiзiледi. Осы мақсаттарда қазiргi «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры» АҚ базасында үлестiк құрылысқа қатысушыларға қаржылық орнықтылығы, тәжiрибесiнiң болуы бойынша бiлiктiлiк талаптарын қоятын және инжинирингтiк компаниялар арқылы үлескерлер ақшасының нысаналы пайдаланылуын бақылау тетiгiн енгiзетiн мамандандырылған ұйым құрылатын болады. Үлестiк салымдарға кепiлдiк беру тетiгiн iске асыруды қамтамасыз ету үшiн Ұлттық қор қаражаты есебiнен «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры» АҚ-ны капиталдандыру жүзеге асырылады.
Кепiлдiк беру тетiгiн енгiзу тұрғын үй құрылысына қосымша инвестициялар тартуға мүмкiндiк бередi және азаматтардың үлестiк құрылысқа қатысу тәуекелдерiн айтарлықтай төмендетедi.
Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде келесi объектiлер салынып, кезекте тұрғандар қоныстандырылды:
01.01.2017 жылғы жағдайға тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебiнде 797 тұр, соның iшiнде;
Бөлiм басшысы
С. Оразалин