Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ескертеді
|
№ |
Атауы |
Қызметті алушалардың саны (дана) |
|
|
Бюджетеік кредит |
Көтерме жәрдемақы |
||
|
1 |
Білім беру |
22 |
24 |
|
|
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі |
2 |
2 |
|
|
Ағылшын тілі мұғалімі |
2 |
2 |
|
|
Математика мұғалімі |
2 |
2 |
|
|
Бастауыш сынып мұғалімі |
2 |
2 |
|
|
Биология және химия мұғалімі |
1 |
2 |
|
|
Информатика мұғалімі |
2 |
2 |
|
|
Тарих мұғалімі |
2 |
2 |
|
|
Мектепке дейінгі білім беру саласының тәрбиешісі |
4 |
5 |
|
|
Дене шынықтыру мұғалімі |
2 |
2 |
|
|
Логопед |
1 |
1 |
|
|
Әлеуметтік педагог |
1 |
1 |
|
|
Педагог-психолог |
1 |
1 |
|
2 |
Денсаулық сақтау |
8 |
8 |
|
|
Жалпы тәжірибедегі дәрігерлер |
3 |
3 |
|
|
Анестезиолог-реаниматолог дәріргері |
1 |
1 |
|
|
Мейірбике/мейіргер |
4 |
4 |
|
3 |
Әлеуметтік қамсыздандыру |
2 |
2 |
|
|
Қарттар мен мүгедектерді күру бойынша әлеуметтік қызметкер |
2 |
2 |
|
4 |
Мәдениет |
1 |
2 |
|
|
Музыкалық әдіскер |
1 |
1 |
|
5 |
Спорт |
1 |
2 |
|
|
БЖСМ-спорт әдіскері |
1 |
1 |
|
6 |
Агроөнеркәсіптік кешен |
3 |
3 |
|
|
Мал дірігері |
2 |
2 |
|
|
Техник-зертханашы |
1 |
1 |
|
7 |
Мемлекеттік қызмет |
4 |
4 |
|
|
Новоишим ауылдық округі КММ аппаратының бас маманы |
1 |
1 |
|
|
Возвышен ауылдық округі КММ аппаратының бас маманы |
|
1 |
|
|
Шөптікөл ауылдық округі КММ аппаратының бас маманы |
|
1 |
|
|
Шөптікөл ауылдық округі КММ аппаратының жетекші маманы |
|
1 |
|
|
Итого |
34 |
45 |
13 қарашада аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Д.А. Анафинаның қабылдауы өтеді
2020 жылғы 13 қарашада сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін Червонный ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында және сағат 11:30-дан 12:30-ға дейін Новоселов ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы, қызметкерлерге консультативтік көмек көрсету мәселелері бойынша аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Д.А. Анафинаның қабылдауы өтеді.
Тілек білдірушілер қабылдауға 22-113, 8775-278-5661 телефон нөмірі бойынша жазыла алады.


Бүгiнгi таңда өңiрде мыңға жуық кәсiпкердiң жұмысы тоқтады, соның салдарынан өндiрiс көлемi, сондай-ақ жұмыс орындары қысқарды. Солтүсiк Қазақстан облысы бизнес-қоғамдастығының осы және басқа да мәселелерi өңiрлiк кеңестiң «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен өткен кездесуi барысында талқыланды.
Еске салсақ, 15-18 қыркүйек аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев облыстар кәсiпкерлерi, сондай-ақ Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары кәсiпкерлер палаталары жанындағы өңiрлiк кеңестердiң мүшелерiмен онлайн-кездесулердi өткiздi. Ағымдағы бизнес проблемалары туралы бiрiншi болып Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының кәсiпкерлерi хабарлады.
Солтүстiк Қазақстан облысындағы экономикалық ахуал жайында Өңiрлiк кеңестiң төрағасы Олег Иванов ақпараттандырды. Атап айтқанда, бүгiнде СҚО-да жұмыс iстеп жатқан шағын және орта кәсiпкерлiктiң 29 572 субъектiсi бар. Ұйымдастырушылық-құқықтық форма туралы айтатын болсақ, осы көлемнен 5701 немесе 20%-ы заңды тұлға, 19 335 жеке кәсiпкер (65%) және 4 536 шаруа қожалығы (15%).
Осы ретте ТЖ режимiн енгiзуге дейiн Солтүстiк Қазақстан облысында 30 мыңнан астам кәсiпкерлiк субъектiсi болды, онда 104 мыңнан астам адам жұмыс iстеген. Алайда шектеулердi алып тастаған соң, 29 мың кәсiпкерлiк қызметiн қайта бастады, жұмыскерлер саны 100 мыңнан сәл асады.
«Осылайша карантиндi енгiзу салдарынан облыста 1 мыңға жуық кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiн тоқтатты. Жұмыскерлер саны 4 мың бiрлiкке, ал өндiрiс көлемi — 15 пайызға қысқарды. Бiлiм беру саласында қызметкерлер саны азайды. Сауда саласында қысқару көлемi үлкен — 2 мыңнан астам адам қысқарды, ары қарай өнер, ойын-сауық және демалыс, қызмет көрсету саласы, — екi салада жұмыскерлер саны мың бiрлiкке қысқарды», — деп атап өттi СҚО Өңiрлiк кеңесiнiң төрағасы Олег Иванов.
Сондай-ақ спикер соңғы екi жылда солтүстiкқазақстандық кәсiпкерлердi мазалап жүрген Ресей-Қазақстан шекарасында жүктердi тасымалдау мәселесiн көтердi. Ресей шекарасындағы бекеттердiң көбiнде жүк тексеретiн сканерлер жоқ, ал сканерлер бар бекеттерде техника жиi iстен шығады. Проблема Солтүстiк Қазақстан облысы және РФ Қорған облысы арасында орын алған.
«Демек, әр көлiк құралы бойынша техникалық өткелдердi құру керек, бұл дегенiмiз тасымалданып жатқан тауар көлемiнiң 20%-ы, немесе тексеру пунктiнде тауарды тиеп/түсiру керек. Ол үшiн арнайы бригада жасақталған, олардық қызмет көрсетуi әр автомобиль үшiн 50 мың теңгеден басталады, бұл жағдайды карантиндiк iс-шаралар тiптен қиындатқан, осы бригадаларды барлық жерге бiрдей кiргiзе бермейдi, кейбiр жерлерде бригадалар тiптен жоқ. Сондықтан тасымалдаушыларға сканерi бар көршiлес бекетке баруға тура келедi (орта есеппен жол жүрiсi 700 км-ға артады). Ал бұл дегенiмiз қосымша шығын, оның салдары тауардың өзiндiк құнына әсер етедi. Осылайша, сканерлер проблемасы салдарынан бизнес қосымша шығынданады, орта есеппен — тәулiгiне 19 млн теңге, ал 5 ай iшiнде бұл сан 3 млрд теңгеге дейiн жетедi», — деп атап өттi Олег Иванов.
Осы ретте қазақстандық тараптан тексеру өткенде мұндай қиындықтар болмайды.
Бұл мәселенiң шешiмi ретiнде СҚО кәсiпкерлер Ресей Федерациясының шекара қызметiнiң мемлекеттiк шекарадан өту кезiнде технологиялық өткелдерге деген талапты алып тастауды ұсынады. Сонымен қатар тексеру кезiнде авто көлiктерге қойылатын нақты жiктеменi белгiлеп, сондай-ақ ресейлiк тараппен сканерлердi жолға қоюға қатысты келiссөздер жүргiзуде ұсынды.
Облыстың ауыл шаруашылығы өндiрушiлерi Чехия Республикасынан iрi қара малды тасымалдауға қатысты негiзсiз тыйымға қарсы шықты. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринарлық бақылау комитетi 2019 жылдың маусымынан бастап Чехиядан iрi қара малын тасымалдауға тыйым салған. Тыйым салудың себебi ресейлiк Набережные Челны қаласындағы «Торговый дом КамАгро» ЖШҚ жеткiзушi фирма тарапынан Чехиядан Қазақстанға малды жеткiзуде алаяқтық әрекеттерi болды.
Алайда, кәсiпкерлердiң, палата заңгерлердiң пiкiрiнше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес импорттаушы елден малды импорттауға тыйым салуға себеп сол елде мал ауруларына байланысты жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз ситуацияға ғана бола алады. Яғни ресейлiк жеткiзушiнiң бiрлi-екiлi алаяқтық әрекеттерi мал тасымалына тыйым салуға себеп бола алмайды.
«Өңiрлiк палатаға осы мәселемен бес кәсiпкер — «Донецкое», «Есмағұлова», «Бақыт» шаруа қожалықтары, «АгроКомплекс Сулышок» ЖШС және «ПромВодСтрой» ЖШС көмекке жүгiнген. Олардың барлығы Чехиядан 500 бас iрi қараны алуды жоспарлаған, алайда импортқа салынған тыйым салдарынан рұқсат берiлмедi. Соның iшiнде Палатаның көмегiмен «Бақыт» шаруа қожалығы 100 бас, «АгроКомплекс Сулышок» ЖШС 100 бас малды әкеле алды. Қалған кәсiпкерлер малды логистика мен мал құны қымбат елдерден импорттауға мәжбүр. Чехияда бас iрi қара малдың бағасы 2100-2200 АҚШ долларын құраса, ал Германияда 1 бас iрi қара бағасы — 2500 АҚШ долларынан басталады. Бұл тыйымға бiр жылдан асты», — дедi «Оптимум Петро» ЖШС директоры Раиль Мендеев.
Айта кетелiк, бұл мәселенi шешу үшiн кәсiпкерлер СҚО прокуратурасына жүгiндi, прокурорлар да тыймға заңдық негiз жоқ екенiн растады. Алайда проблема облыс деңгейiнде шешiлмей отыр, сондықтан кәсiпкерлер «Атамекен» басшысы Тимур Құлыбаевтан мәселенi республикалық деңгейде шешуге көмектесудi сұрады.
Кәсiпкерлер жолаушы тасымалына қатысты мәселелердi көтердi. «Covid-19» iндетiне қатысты тыйым осы сала кәсiпкерлерiне қатты кедергi келтiрдi, автовокзалдар, автобекеттер және облыс аралық автобус қатынастарына тыйым салынды. Кәсiпкерлердiң пiкiрiнше, мұндай шара заңсыз жұмыс iстейтiн тасымалдаушылар санын арттырды. Осы ретте санитарлық нормалар мен әлеуметтiк қашықтық сақталмайды. Сондай-ақ өңiрлiк кеңес мүшелерi сатып алулар мен салықтық төлемдер мәселелерiн көтердi.
Кездесуде айтылған мәселелердiң барлығы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен назарға алынып, ары қарай шешу үшiн Үкiмет алдында қаралатын болады.
Айта кетелiк, жуық арада СҚО кәсiпкерлер палатасы өңiрлiк кеңес мүшелерiмен бiрге 29 қазанда Үкiметтiң қатысуымен өтетiн «Атамекен» Съезiнде оларды егжей-тегжейлi талқылау үшiн аймақтағы бизнестiң жүйелiк проблемаларына мониторинг жүргiзудi жалғастырады.
Сауда және интеграция министрi Бақыт Сұлтановтың халықпен есептiк кездесуi 24 маусымға ауыстырылды.
Кездесу сағат 14.30-да оnline режимiнде өтедi. Алдын ала есептiк кездесу бағдарламасы келесiдей:
- сағат 14.30-дан 16.00-ге дейiн — Министрдiң баяндамасы және Орталық коммуникациялар қызметi мен Министрлiктiң Facebook және YouTube ресми парақшаларында трансляция арқылы азаматтар мен БАҚ мәселелерiне арналған «шұғыл» желiнiң жұмысы;
-сағат 16.00-ден 17.00-ге дейiн — «Хабар 24» т/к брифинг және трансляция.
Анықтама үшiн телефон: 8 (7172) 74 98 97, 8 701 701 01 34.

Құрметтi Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындары!
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 13.06.2020 жылғы қаулысының негiзiнде, карантиндiк шараларын сақтау мақсатында, 2020 жылғы 15 маусымнан бастап «Азаматтарға арналғын үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша (ХҚО) барлық бөлiмдерiнiң жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейiн шектеулi.
Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтiк қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис, сондай-ақ EgovKzBot2.0 телегра-бот арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады.
Айта кету керек, жеке тұлғалар мемлекеттiк қызметтердi egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильдi қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы алуды жалғастырады.
ХҚО-ның жұмыс кестесi: Дүйсенбi-сенбi аралығы 10.00-ден 20.00-ге дейiн.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiсi күнiн мерекелеу шеңберiнде өскелең ұрпақта мемлекеттiк қызметке деген белсендi азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық әулеттерiн арттыру мақсатында «Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» байқауын жариялайды. «Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» тақырыбындағы шығармалар байқауының ережесi.
I. Жалпы ережелер
1. «Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» тақырыбындағы шығармалар байқауы (бұдан әрi — Байқау) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiсi күнiн мерекелеу шеңберiнде өткiзiледi.
2. Байқауды өткiзу, жұмыстарды бағалау тәртiбi, жеңiмпаздарды iрiктеп, Байқау жеңiмпаздарын марапаттау шарттары осы Ережемен белгiленген.
3. Байқау ұйымдастырушысы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi болып табылады (бұдан әрi — Департамент).
II. Байқау мақсаты
4. Байқау мақсаты: - мемлекеттiк қызметтi насихаттау; - өскелең ұрпақта мемлекеттiк қызметке деген белсендi азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру; - оқушылардың шығармашылық әулеттерiн арттыру болып табылады.
III. Байқауға қатысу шарттары
5. Байқау жасы 12-15 аралығындағы мемлекеттiк қызметшiлер балаларының арасында өткiзiледi.
Конкурстық жұмыста ТАӘ, туылған күнi, бiлiм беру ұйымының атауы (мектептер), байланыс телефонын (үй тел., мобильдi байланыс, e-mail мекен-жайы) көрсету қажет.
6. Шығарманы үмiткер өз еркiмен қазақ немесе орыс тiлдерiнде жазады, осыған дейiн шығарманың интернет желiсiнде және басқа да ақпарат көздерiнде жарияланбауы керек;
7. Конкурстық комиссия I, II, III орындарды иеленген жеңiмпаздарды анықтайды.
8. Байқау өткiзу мерзiмi мен кезеңдерi:
- 1 кезең: 2020 жылғы 5 маусымнан 15 маусымға дейiн — жұмыстарды қабылдау;
- 2 кезең: 2020 жылғы маусымның 16-18 аралығында — комиссиямен конкурстық жұмыстарды қарау, жеңiмпаздарды анықтау;
- 3 кезең: 19 маусым — жеңiмпаздарды марапаттау.
9. Шығармаларды бағалау кезiнде келесi талаптар назарға алынады (5 критерий):
- белгiленген тақырыпқа сай болуы;
- тақырыпты тереңнен ашу;
- стиль, мазмұндау тiлi;
- материалдарды стандартты емес ұсыну, өзектiлiгi;
- өз пiкiрлерiнiң болуы, аталған тақырыпқа өз көзқарасын көрсету.
10. Әрбiр критерий бойынша 5-балдық жүйе бойынша баға берiледi. Ең көп балдар жинаған үмiткер жеңiмпаз болып анықталады. Егер бiрнеше үмiткер балдардың тең санын жинайтын болса, Байқау жеңiмпазын анықтау жөнiндегi соңғы шешiмдi конкурстық комиссия төрағасы қабылдайды.
11. Конкурстық жұмыстар Департаментке ugu_sko@bk.ru электронды мекен-жайына немесе МОИП-тың g.zhusalina@kyzmet.gov.kz мекен-жайына «Шығармалар байқауы» сөзiмен жiберiледi.
Байланыс телефондары: 36-01-42, 87071571421 4. Жеңiмпаздарды марапаттау
12. Жеңiмпаздар дипломдармен марапатталады.
13. Байқау қорытындысы мен жеңiмпаздары туралы ақпарат БАҚ-та, Департаменттiң ресми сайтында, әлеуметтiк желiлерде орналастырылады. Үздiк конкурстық жұмыстар Департаменттiң интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Коммуналдық қызмет шығындарына 15000 теңге көлемiнде өтемақыны алу үшiн Call-орталыққа 40001 телефоны бойынша хабарласу қажет және ЖСН, әлеуметтiк мәртебесi және жеке шот бойынша мәлiметтер (қызмет көрсетушiмен расталған) көрсетiлген өтiнiм беру қажет. Қызметтi келесi санаттағы азаматтар ала алады:
1. 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
2. мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3. көп балалы отбасылар;
4. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген адамдар;
5. мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызметтi орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
6. ең төменгi және одан кем зейнетақы алатын зейнеткерлер;
7. атаулы әлеуметтiк көмек алатын азаматтар, соның iшiнде жалғыз басты зейнеткерлер.
Одан әрi өзгерiстер болған жағдайда қосымша хабарлайтын боламыз. Call-орталықтың жұмыс тәртiбi сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн. Түскi үзiлiс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейiн.

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн ХҚО-ға кезектi брондау әдiстерiнiң түрi көбейтiлдi. Ендi қызмет алушылар ХҚО-ға кезектi тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегiмен де брондай алады.
Ол үшiн қызмет алушы мобильдi азаматтар базасында тiркелуi керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильдi азаматтар базасына egov.kz электронды үкiмет порталындағы виртуалды ассистенттiң көмегiмен тiркелуге болады.
Сонымен, ХҚО-ға кезектi брондау үшiн пайдаланушы мәзiрден «ХҚО-ға кезектi брондау» қызметiн таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттiк қызметтердi алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күнi мен уақытты таңдауды ұсынады.
Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күнi мен уақыты көрсетiлген sms келедi. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезектi алдын ала брондағаныңызды растайсыз.
Айта кетейiк, қазiргi таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттiк қызмет пен сервис қолжетiмдi. Олардың iшiнде кең қолданысқа ие болғандары дәрiгердi үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т. б.
Естерiңiзге сала кетейiк, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бiр жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетiмсiз қағаз түрiндегi мемлекеттiк қызметтердi тек алдын ала брондау бойынша көрсетедi.
Egov.kz порталында онлайн брондау қызметi ХҚО-лар өз қызметiн қайта бастаған өңiрлер үшiн ғана жарамды.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi
Қаулысы 12.05.2020 ж. №47 «Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан аумағында шектеу шараларын өзгерту туралы»
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде жекелеген ұйымдардың қызметі шектелді.
Мұндай жағдайда, еңбек заңнамасында толық емес жұмыс уақытын енгізуді, қашықтықтан жұмыс істеу тәртібін белгілеуді, жұмыстың мәжбүрлі түсрде тоқтауы, жұмыстан қысқарту және т. б. қоса алғанда, қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін түрлі тетіктер қарастырылған.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын жүргізу кезінде жұмыстан заңсыз босатылған немесе еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қызметкерлер СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының (87152)50-33-42) сенім телефонына немесе ұйымның атауын және байланыс деректерін көрсете отырып, inf.git@sko.kz электрондық мекенжайына өтініш жібере алады.
Өз кезегінде, жұмыс берушілерді өз қызметкерлерінің алдында әлеуметтік жауапкершілік көрсетуге және еңбек заңнамасының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге шақырамыз.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк дәрiгерiнiң 2020 жылғы 12 наурыздағы №19 бұйрығына сәйкес үйде карантин кезеңiнде қызметкерлерге медициналық ұйымдарға бармай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағы рәсiмделедi.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнiндегi шаралар шеңберiнде жеке ұйымдардың қызметi шектелген.
Мұндай жағдайда, еңбек заңнамасында жұмысшылардың еңбек қызметiн жүзеге асырудың әртүрлi тетiктерi қарастырылған, соның iшiнде толық емес жұмыс уақыты режимiн белгiлеу, қашықтықтан жұмыс жасау, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру және т.б.
Мысалы, тараптардың келiсiм бойынша және өндiрiстiк процесс мүмкiндiк берсе, карантин кезеңiнде жұмыс берушi қашықтан орындалатын жұмыс белгiлеуi мүмкiн.
Бұл ретте жұмыс жағдайлары, жұмыс уақытын есепке алу, шығыстар мен еңбекақы тараптардың келiсiмi бойынша (жұмыс берушiнiң актiсiнде және еңбек шартында) белгiленедi, ал жалақы жұмыскердiң нақты жұмыс iстеген уақытына төленедi.
Бұл шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жұмыс берушi жұмыскер үшiн тоқтап тұру жағдайын жариялайды.
Еңбек Кодексiнiң 112-бабына сәйкес жұмыс берушiге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресiмдеу тәртiбi және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерiнен (42 500 теңге) кем болмайтын мөлшерде белгiленедi. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта қарастырылған болса, бос тұрып қалу уақытындағы жалақы ең төменгi жалақыдан жоғары болуы мүмкiн.
Ата-анасының бiреуiне ақылы еңбек демалысын беру туралы. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 93-бабына сәйкес кезектi еңбек демалысы демалыс кестесiне сәйкес немесе кестеден тыс қажет болған жағдайда тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты жұмыс берушiлер балалармен қалуға мәжбүр болған ата-аналардың бiреуiне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бередi.
Уәлиханов ауданының әкiмдiгi ауылшаруашылық өндiрiсiн, шаруа, фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер телемдерiн жалға беру жөнiнде Конкурс 2020 жылдың 20 сәуiрде сағат 11:00-де, Солтүстiк Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, 151200 Кiшкенекөл ауылы Уәлиханов көшесi, 85 мекен жайында өткiзiледi деп хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу 2020 жылдың 30 наурызынан басталады. Конкурстық өтiнiмдi ұсынудың сонғы мерзiмi 2020 жылы 17 сәуiрде сағат 18.00-ге дейiн. Қосымша ақпарат Уәлиханов ауданы әкiмiнiң — www.ua.sko.gov.kz және «Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» кмм-нiң — www.ozo-ua.sko.gov.kz сайттарында — немесе 218-99, 216-53 телефондар арқылы алуға болады.
Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрiн жыл басынан берi 25,4 мың отбасы рәсiмдеп үлгердi. Оның iшiнде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсiмдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткiзгендер.
«Көп балалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келiп тиiстi жәрдемақыны рәсiмдей алады. Осыған дейiн жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы түрiн алушылар тiзiмiнде бар-жоғын 1411 call-орталығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Жалпы алғанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отбасыға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалған, оның 246 мыңы — бұған дейiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алғандар.
Аймақтық бөлiнiсте жыл басынан берi жәрдемақының рәсiмделуiне Түркiстан облысынан көп өтiнiш қабылданған. Одан кейiн Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.
Естерiңiзге салайық, 2020жылдан бастап отбасында бiрге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның iшiнде кәмелет жасына толғаннан кейiн бiлiм беру ұйымдарын тәмамдағанға дейiн (23 жасқа дейiн) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасына ай сайын тағайындалатын мемлекеттiк жәрдемақы көлемi: 4 баласы барларға — 42 496 тг., 5 балаға — 53 127 тг., 6 балаға — 63 757 тг., 7 және одан көп балаға — 74 388 тг.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi