Меню

Страницы

Статья

Телефоны горячих линий

Жедел қызметі Байланыс орталығы

Қайта оралу

2020 жылдың 1 қыркүйек күнi «Nur Otan» партиясының Отбасы, әйелдер мәселелерi және балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi республикалық қоғамдық кеңесi жанындағы «111 Жедел қызметi» байланыс орталығы өз жұмысын бастап, барлық мемлекеттiк органдармен және 2324 жедел әрекет ету топтарымен тiкелей көмек ұйымдастыруда. Барлық өтiнiштер «Nur Otan» партиясының өңiрлiк филиалдарының бақылауында болады.

«Nur Otan» партиясы жанындағы «111 Жедел қызметi» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздерiне көмек қажет екендiгi туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлiкте жалғыз қалғаны туралы, өмiрiне және денсаулығына қауiп төнiп тұрғандығы, зорлық-зомбылық немесе қатыгездiк жасалынғандығы туралы хабарлауға немесе бiреу балаларға қауiп төндiретiн объектiнi, мысалы, ашық люктi, қауiптi жоғары вольтты электр желiсiн, ашық су көзiн көргенiн хабарлау үшiн ашылды.

  • «111» нөмiрi — 24/7 жұмыс iстейдi;
  • «111» нөмiрi — конфиденциалды;
  • «111» нөмiрi — тәулiк бойы IIД және өңiрлiк жедел әрекет ету топтарымен байланыста;
  • «111» нөмiрi балалардың, отбасы мен әйелдердiң құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтiнiштер қабылдайды;
  • Барлық қоңыраулар тiркеледi. Әрбiр қоңырау шалушыға мәселе бойынша қандай шаралар қабылданғаны туралы керi байланыс берiледi.
  • Әрқайсымыздың бұл тақырыпқа барынша ден қоюымыз маңызды. Баланың, әйелдердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенiне күдiк туған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдiк төзiмдiлiк танытып, «111»-ге хабарлау қажет.

Әрқайсымыз «111» нөмiрiне құқық бұзушылық туралы дер кезiнде хабарлау арқылы отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуға тиiспiз.

Дата публикации
03 февраля 2021
Дата обновления
03 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы — 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы