Меню

Страницы

Статья

Мероприятия

23.12.2022

 

2022 жылғы 20 желтоқсанда сағат 11.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бірінші мәселе бойынша білім бөлімінің басшысы Э. М. Қарабаева Петропавл қаласының ювеналды сотына ата-ана құқығынан айыруға жіберілген комиссияның қаулыларын орындау бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органының ақпаратымен сөз сөйледі.

Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Д. А. Анафина 2022 жылғы КДН және БП жұмысының қорытындылары туралы екінші мәселе бойынша есеп берді.

Үшінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандар комиссии жөніндегі комиссияның төрағасы Д. А. Анафина 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы хабардар етті.

08.06.2022

2022 жылғы 31 мамырда сағат 10.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды:

  1. 2022 жылы жазғы сауықтыру науқанына дайындық барысы және балалар мен жасөспірімдердің демалу, сауықтыру және жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы.
  2. 14 жастан 18 жасқа дейінгі, оның ішінде әлеуметтік қауіпті жағдайдағы, сондай - ақ есепке алудың әртүрлі түрінде тұрған кәмелетке толмаған азаматтарды жазғы каникул кезеңінде және оқудан бос уақытында уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру туралы.
  3. Балалардың суда қаза болуын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізу туралы.

Сөз сөйлегендер: Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім беру бөлімінің басшысы Қарабаева Э. М., Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мұқашев С. Е., Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Казезов А. О., Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Темірғалиев Н. И.

 

27.04.2022

2022 жылғы 27 сәуір күні сағат 10.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті:

  1. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу туралы.
  2. Қорғаншылық және қамқоршылық органының әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және балаларды орналастырудың отбасылық нысандарын дамытудағы жұмысы туралы, патронаттық тәрбиені дамыту туралы.
  3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру.

Сөз сөйлегендер: полиция подполковнигі М. Д. Кубитаева, білім бөлімінің басшысы Э. М. Қарабаева, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы А. А. Рамазанов, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Н. И. Темірғалиев.

 

22.02.2022

2022 жылғы 16 ақпанда сағат 15.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның «Білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция инспекторларының (мектеп инспекторларының) мектептердің әлеуметтік педагогтарымен және психологтарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жұмысын ұйымдастыру туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту туралы», «Әлеуметтік педагогтың тұрмысы қолайсыз отбасылармен жұмысы туралы», «Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті (суицидтік, девиантты ) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша оқу орындарында: №1 Новоишим ОМ, №2 Новоишим ОМ»

Сөз сөйлегендер: А. К. Казезов ПБ МЮП, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы Б. К. Амрина; «Білім бөлімі» КММ-сі Қарабаева Э. М., №1 мектеп директоры Нурмаганбетова А.К., №2 мектеп директоры Кенжебеков А. Б.,№1 орта мектептің әлеуметтік педагогы Балбазар Х.Қ.,№2 орта мектептің әлеуметтік педагогы Т. Б. Шалова, СӨС ОАА психологы А. Т. Шайкомалова.

 

2021 жылғы 20 мамырда сағат 10.00-де аудандық білім бөлімінің басшысы Э.М.Қарабаеваның төрағалығымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның «Балалардың суда қаза болуын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын өткізу туралы», «2021 жылы жазғы сауықтыру науқанына дайындық барысы және балалар мен жасөспірімдердің тынығуы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуы жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», «14 пен 18 жас аралығындағы, оның ішінде әлеуметтік қауіпті жағдайдағы, сондай-ақ әртүрлі есеп түрлерінде тұрған кәмелетке толмаған азаматтарды — жазғы демалыс кезінде және оқудан бос уақытта» мәселелері бойынша отырысы өтті.

Сөз сөйлегендер: білім бөлімінің басшысы Қарабаева Э.М., аға МЮП УПИ полиция подполковнигі Кубитаева М.Д., халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Темірғалиев Н.И., төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мұқашев С.Е.

2021 жылғы 14 сәуірде сағат 10.00-де аудан әкімінің орынбасары Д.А.Анафинаның төрағалығымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның «Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу туралы», «Қорғаншы және қамқоршы органның әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және балаларды орналастырудың отбасылық нысандарын дамытудағы жұмысы туралы, патронаттық тәрбиені дамыту туралы», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азаматтарды баспанамен және жұмыспен қамту» мәселелері бойынша отырысы өтті.

Сөз сөйлегендер: білім бөлімінің басшысы Қарабаева Э.М., аға МЮП ПУИ полиция подполковнигі Кубитаева М.Д., халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұрмақанов Р.Т., ТКШ бөлімінің бас маманы Швецов С.Е.


2021 жылғы 11 наурызда Zoom платформасында ҚР БҒМ ЖБК қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтiң алдын алу шараларын қабылдау туралы» тақырыбында кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияның отырысы өттi.

Конференцияға кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссия мүшелерi, аудан мектептерiнiң директорлары, әлеуметтiк педагогтар мен психологтар қатысты.

Полиция бөлiмi, аудандық орталық аурухана, бiлiм бөлiмi тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша осы мәселенi ерекше бақылауға алу қажеттiлiгi бойынша бiрқатар тапсырмалар берiлдi.

2021 жылғы 26 ақпанда сағат 15.00-де, аудан әкiмiнiң орынбасары Д.А. Анафинаның төрағалығымен, «Ломоносов ОМ, Калинов ОМ оқу орындарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар туралы», «Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивтi (суицидтiк, девиантты) мiнез-құлқының алдын алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы», «Әлеуметтiк педагогтың тұрмысы нашар отбасылармен жұмысы туралы» мәселелерi бойынша Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгi жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның отырысы өттi.

Сөз сөйлегендер: Ломоносов ОМ директоры Кудрявцев А.С., Калинов ОМ директоры Гроот И.А., АББ әдiскерi Шанонаева А.Т., ОАА әлеуметтiк қызметкерi Бекова Г.И., №1 ОМ әлеуметтiк педагогы Бекмурзина А.Т.

Дата публикации
23 декабря 2022
Дата обновления
23 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы — 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы