«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ азаматтарға ауданның жергiлiктi атқарушы органдары (аудан әкiмiнiң аппараты, аудандық бөлiмдер, ауылдық округтер әкiмдiктерi) мемлекеттiк қызметшiлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Адеп-намыс кодексiн бұзу фактiлерi бойынша, яғни мемлекеттiк қызметшiлердiң дөрекiлiк, сыбайлас жемқорлық, бюрократизмi, құзыретсiздiгi жөнiнде хабарлау үшiн 21-3-35 сенiм телефоны туралы мәлiмдейдi.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Адеп-намыс кодексiн бұзу фактiлерi туралы ауданның жергiлiктi атқарушы органдарындағы Адеп-намыс кодексiн бақылау кiтабында жазулар жасап, хабарлауға болады.