«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2-тармағына, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес:
Қоса беріліп отырған 2020 жылғы ІIІ тоқсанға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау кестесі (бұдан әрі - Кестес) бекітілсіе. Аудан әкімі аппаратының жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесі кестені танысу үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырсын. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппарат басшысының міндетін атқарушы Е.Қ. Аманжоловқа жүктелсін.
Аудан әкімі А. Тастеміров
Аудан әкімінің 2020 жылғы
«23» маусымдағы №32-ө өкіміне қосымша
| № | Аты-жөні | Лауазым | Қабылдау сағаты және күні |
| 1 | Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы | аудан әкімі | айдың бірінші және үшінші сейсенбісі сағат 10.00-12.00 |
| 2 | Баумағанбетов Сүйіндік Төлепбергенұлы | аудан әкімінің орынбасары | айдың бірінші және үшінші дүйсенбісі сағат 10.00-12.00 |
| 3 | Төребеков Нұрлан Мейрамұлы | аудан әкімінің орынбасары | айдың бірінші және үшінші бейсенбісі сағат 10.00-12.00 |
| 4 | Анафина Динара Ақанқызы | аудан әкімінің орынбасары | айдың бірінші және үшінші сәрсенбісі сағат 14.30-17.30 |
| 5 | Аманжолов Ерлан Құанышұлы | аудан әкімі аппараты басшысының м.а. | айдың бірінші және үшінші жұмасы сағат 14.30-17.30 |
Мемлекеттік органның мекенжайы: Новоишим а. Абылай хан көшесі, 28
Байланыс телефоны: 8 (71535) 21-148
Азаматтарды қабылдауды саралау аудан орталығына жету үшін өтініш білдіруші уақыты мен ақшасын шығындайтынын көрсетеді, ал Интернетке қосылған компьютер бола отырып, аудан әкімдігіне келмей-ақ, өтінішті үйден де жіберуге болады.
Осыған байланысты, Сізден бей-жай қалмай, елді мекендерді абаттандыру, сумен жабдықтау, еңбекақыны уақытылы төлемеу, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу мен оларды күтіп ұстау және т.б. мәселелерді талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.
Көрсетілген фактілер нақты, объективті болуы тиіс, шындыққа сай емес фактілер қаралмайды.
Жедел әрекет ету үшін Интернет бойынша gm.sko.gоv.kz -«Қоғамдық қабылдау» сілтемесін ашып, «Халықтық бақылау» бөліміне өтініш білдіруге, сондай-ақ WhatsApp мобильдік қосымшасы арқылы 8-778-581-82-66, 8-777-924-11-99 телефондары бойынша, фотоматериалдарды қоса отырып хабарлама жіберуге немесе өтінішті gmusrepova-akimat@sko.kz электрондық мекенжайына жолдауға болады.
Келіп түскен өтініштер жауаптарымен «Қоғамдық қабылдау» бөлімінде орналастырылады.
«Жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12-бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.
Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.
Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың актiлерiне (шешiмдерiне) шағым беру және оны қарау тәртiбi «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
Байланыс тұлға: Ыбыраева Әсемгүл Ереженқызы — аудан әкiмi аппаратының жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлімшенің басшысы
Байланыс телефоны: 8 (71535) 2-11-48
Электрондық мекенжай: gmusrepova-akimat@sko.kz
Қазақстан Республикасының Заңы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»
«Электрондық өтiнiштер» сервистiң көмегiмен сiзге тiзiмде берiлген мемлекеттiк органдарға өтiнiш жазу және жiберу мүмкiндiгi берiледi. Бұл жерде өтiнiштiң жеткiзiлуiне кепiл алуға, орындалу мәртебесiн бақылауға және өтiнiшке жауап алуға болады.