«Қызылжар-адалдық алаңы» жобасы аясында 2020 жылдың 30 қыркүйегiнде ZOOM платформасында «Адал ұрпақ» ерiктi мектеп клубтарының слетi өткiзiлдi.
Конференцияға 169 оқушы мен педагог, сондай-ақ слеттiң қонағы — «Жастардың нұрлы жолы» жастар қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы Махаббат Қуанышқызы Абуова қатысты.
Конференция барысында келесi мәселелер талқыланды:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие бойынша 2019-2020 оқу жылының қорытындысы.
«Адал ұрпақ» мектеп клубының үздiк үгiт-насихат материалдары» байқауының қорытындысы бойынша үздiк бейнеролик көру
Iс-шараның негiзгi мақсаты-мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру, жоғары адамгершiлiк, жауапты, бастамашыл және әлеуметтiк құзыреттi азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту.