Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама (бұдан әрi — Тұжырымдама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi:
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi — жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделi ұйымдар:
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов