Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады

Мемлекеттiк қызметке кiру туралы ақпарат

Мемлекеттiк қызметке кiру үдерiсi конкурс ұғымына бiрiктiрiлген бiрнеше кезеңнен өтедi. Егер мемлекеттiк органда бос лауазымдар пайда болса, онда кандидаттарды конкурстық iрiктеу өткiзiледi. Бос орындар аудан әкiмiнiң ресми интернет-ресурсында (http://gm.sko.gov.kz/page/read/ Gosudarstvennaya_sluzhba_i_kadrovoe_obespechenie.html?lang=ru), Facebook ресми парақшасында (https://www.facebook.com/home.php) орналастырылады.

Мемлекеттiк қызметке алғаш кiретiн немесе қайтадан кiретiн азаматтар iрiктеудiң келесi кезеңдерiнен өтедi:

  1. мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге тестiлеу;
  2. жеке қасиеттерiн бағалауға тестiлеу;
  3. соңғы әңгiмелесу.

Ең күрделi кезеңдердiң бiрi мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге тестiлеу рәсiмiнен мiндеттi түрде өту болып табылады. Бұл тесттi алдын ала тапсыруға болады, оның қолданылу мерзiмi 1 жылды құрайды. Тестiлеудi сәттi тапсырған жағдайда, белгiлi бiр бағдарлама бойынша сертификат берiледi. Осы сертификатпен онда көрсетiлген санаттар бойынша кез келген конкурсқа қатысуға болады. Тестiлеуге egov.kz электрондық үкiмет порталы немесе Азаматтарға арналған үкiмет МК арқылы тiркелуге болады, онда әрбiр азамат тестiлеу өткiзiлетiн қаланы, күнiн және уақытын таңдай алады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан Республикасы заңнамасының бiлуге тестiлеу Қағидаларға сәйкес үш бағдарламадан тұрады. Сiз таңдаған лауазым санатына сәйкес бағдарламаны таңдау қажет. Аталған тестiлеуден өту жөнiндегi нұсқаулықпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң сайтында танысуға болады.

Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган құжаттардың бiлiктiлiк талаптарға және мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестiгiн қарайды, содан кейiн қабылданған шешiм туралы Сiздi 2 жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi. Лауазымға орналасу шарттарына сай келген жағдайда Сiз әңгiмелесуге қатысасыз (хабарланған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде). Әңгiмелесу қорытындысы бойынша комиссия лауазымға тағайындау немесе лауазымға тағайындаудан бас тарту шешiмдерiнiң бiрiн қабылдайды.

Сiздi қызықтыратын мәселелер бойынша персоналды басқару қызметiне 22-113, 22-449 телефон нөмiрлерi арқылы хабарласа аласыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты www.kyzmet.gov.kz

А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1,D-О-2, Е-1, Е-2 санаттары бойынша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеудің бірінші бағдарламасы

  Атауы Сұрақтар саны
  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (шекті мәндері белгіленбеген) 20
  Заңнамаларын білуге арналған тест:  
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 15
2 «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 15
3 «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 15
4 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 15
5 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 15
6 «Әкімшілік рәсімдер туралы» 15
7 «Құқықтық актілер туралы» 15
8 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 15
9 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 15
10 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) 10

10 Заң, 115 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (145 сұрақ) 102 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут

B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5,D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары бойынша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеудің екінші бағдарламасы

  Атауы Сұрақтар саны
  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (шекті мәндері белгіленбеген) 20
  Заңнамаларын білуге арналған тест:  
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 15
2 «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 15
3 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 15
4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 15
5 «Әкімшілік рәсімдер туралы» 15
6 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 15
7 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 15
8 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 15
9 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) 10

9 Заң, 105 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (130 сұрақ) 78-тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеудің үшінші бағдарламасы

C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттары бойынша

  Атауы Сұрақтар саны
  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (шекті мәндері белгіленбеген) 20
  Заңнамаларын білуге арналған тест:  
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 15
2 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 15
3 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 15
4 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 15
5 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 15
6 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 15
7 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) 10

7 Заң, 85 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (100 сұрақ) 50-тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5-тен кем емес дұрыс жауаптар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеудің бағдарламасы
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару деңгейін анықтауға тестілеу

Тапсырмалар саны - 10

Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды

Мемлекеттiк қызметтегi өзгерiстер

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерiстер туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 (әрi қарай — Бұйрық) бұйрығымен «Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiленген. Осыған сәйкес, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш рет кiретiн және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кiретiн мемлекеттiк қызметшiлер жеке қасиеттерiн бағалауға арналған тестiлеу стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару деңгейiн анықтауға арналған тестiлеуден өтуi тиiс.

Тестiлеу сондай-ақ растық деңгейiн анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды. Жеке қасиеттердi бағалауға арналған тестiлеудi өту мәнi растық деңгейi бойынша кем дегенде 50% құрайды.

Жеке қасиеттердi бағалауға арналған тестiлеуде 50% көрсетiлген мәннен төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үмiткерлердiң қайта тестiлеуiне алдыңғы тестiлеу өткiзiлген күннен бастап бiр айдан кем емес мерзiмнен кейiн жол берiледi.

2019 жылғы 1 ақпаннан бастап «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру кезiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы сертификатты және жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қорытындыны ұсыну мiндеттi болып табылмайды, себебi персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы бар болуын тексередi.

Сондай-ақ, Агенттiк Төрағасының бұйрығымен «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi (ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекiтiлген).

  1. Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады
Дата публикации
30 июля 2020
Дата обновления
30 июля 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы — 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы