2023 жылғы 7 маусымда аудан әкімі С.М. Мұхамедиевтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Р.С. Біржанов отырысқа қатысушыларды құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде мал ұрлығы мен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Червонный ауылдық округінің әкімі А.Б. Кенжебеков Червонный ауылдық округінің аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Жазғы мектеп демалысы кезінде балалар қылмысының алдын алу шаралары және құқық бұзушылықтар жасауға бейім оқушылар мен "тәуекел тобындағы" балалардың бос уақытын қамтамасыз ету туралы білім бөлімінің басшысы Э.М. Қарабаева сөз сөйледі.
Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.



