АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілгеннен кейін қызмет көрсету тәртібі өзгермейді. Некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ органдарымен атқарылады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілетін болады. Бұл ретте некені тіркеу үшін өтініш беру рәсімі өзгеріссіз қалады. Олар аудандық және қалалық АХАТ бөлімдері орындайды. Бұдан басқа, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталады.
Айта кетейік, некеге тұрғысы келетіндер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күнінде жасалуы қажет. Өтініш берген кезде клиент неке қиюды салтанатты түрде немесе мүлдем жасамауды таңдай алады.
Сонымен қатар, АХАТ қызметтерін тек қана тіркеуші органның қызметкерлері көрсетеді. ХҚКО операторларын қоса алғанда, Мемлекеттік корпорацияның басқа қызметкерлері АХАТ ақпараттық жүйесіне қол жеткізе алмайды.
Айтпақшы, қызмет көрсету стандарттары, оларды қарау тәртібі мен мерзімдері өзгеріссіз қалады. Бұдан басқа, мемлекеттік корпорацияда АХАТ қызметкерлеріне жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін қосымша мамандар қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, АХАТ-та ақылы және тегін қызметтер бар. Сондықтан АХАТ-тың әлеуметтік маңызы бар қызметтері, атап айтқанда тууды, өлімді тіркеу тегін болып қалады. Ақылы қызметтердің тарифі қосымша құн салығын ескере отырып есептеледі.
Анар Кусанова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша PR-менеджері