Меню

Страницы

Статья

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия

2023 жылғы 26 мамырда сағат 11.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жанынан ата-аналар қоғамының белсенділері, мектеп директорлары, білім бөлімінің мамандары, педагогтар үшін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Бірінші мәселе бойынша «Мектептің ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасы» ақпаратымен Ғабит Мұрсепов атындағы ауданның білім бөлімінің басшысы Э.М. Қарабаева сөз сөйледі.

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» екінші мәселесі бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің ювеналды полициясының аға инспекторы М.Д. Кубитаева сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушылар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, педагогтердің оқушылардың ата-аналарымен практикалық жұмысының негізгі міндеттері, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, сондай-ақ жеке профилактика шараларымен танысты.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары аудан әкімдігіне тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

Дата публикации
26 мая 2023
Дата обновления
26 мая 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы — 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы