2023 жылғы 20 сәуірде Құқықтық жалпыға бірдей оқытудың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес аудан әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу, мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшенің бас маманы-заңгері М.С. Джанахметова аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлімдердің басшылары мен мамандары үшін «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қараусыздығы мен панасыздығының алдын алу туралы» тақырыбы бойынша Zoom платформасында оқыту семинары өткізілді.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістермен, негізгі міндеттермен, жергілікті атқарушы органдардың құзыретімен, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы, сондай-ақ жеке профилактика шараларымен танысты.
2023 жылдың 20 сәуірінде ZOOM платформасында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы Ю.А. Панчурина аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне, ауылдық округ әкімдеріне, аудандық бөлімдердің басшылары мен мамандары үшін интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша семинар өткізді.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар біздің облыстағы интернет-алаяқтық фактілері бойынша қылмыстар статистикасымен, интернетте алаяқтық әрекеттер жасау тәсілдерімен таныстырды.
Семинар қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

