Меню

Страницы

Статья

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы цифрық куәліктерге қатысты

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске (бұдан әрі - Кодекс) өзгерістер енгізілді, оған сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар электрондық нысанда беріледі, азаматтардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште де берілуі мүмкін.

Электрондық нысанда берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.

Қазіргі уақытта, Кодекске сәйкес 4 куәлік түрі берілуде туу, неке (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу, қайтыс болу.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді реттейтін Қағидаларда электрондық үкімет порталы арқылы қызметтердің барлық түрлері бойынша өтініш беру және цифрлық куәлік беру мүмкіндігі көзделген.

Цифрлық куәліктер «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетінде және «egov mobile» мобильдік қосымшасында сақталады.

Сонымен қатар, елден тыс жерлерде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі куәліктер мен анықтамалар қағаз жеткізгіште берілетінін ескеру қажет.

 «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры, «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының және ведомстволарының ақпараттық жүйелерімен, оның ішінде Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесімен, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланғанын қосымша хабарлаймыз, бұл уақыт пен қаржылық шығындарды қысқартады және оларды барынша цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік беретінін қосымша хабарлаймыз.

Ақпарат тәртібінде, мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдету және цифрландыру мақсатында, 2019 жылы әкелікті анықтау, асырап алу, неке бұзу (сот шешімі негізінде) алып тасталғандай, жоғарыда көрсетілген Заңмен тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді мемлекеттік тіркеу алып тасталды, сәйкесінше Т.А.Ә өзгерту куәлігі берілмейді.

Осылайша, тегі, аты, әкесінінің аты өзгертілген соң енді бір ғана куәлік, қандай мәліметтер өзгертілгеніне байланысты туу туралы немесе неке қию/бұзу туралы куәлік беріледі.

Сонымен қатар, қайтыс болу туралы акт жазба медициналық куәлік негізінде автоматты түрде тіркеледі және қайтыс болған адамның туыстары «электрондық үкімет» порталы арқылы қайтыс болу туралы хабарлама алуына мүмкіндік бар және қайтыс болу туралы куәлікті алудың қажеттілігі жоқ.

Дата публикации
16 ноября 2022
Дата обновления
16 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы — 2026
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы