Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы  

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы

ауданның аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен

кездесу үшін үй-жайлар беру туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.   Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін барлық кандидаттарға үй-жай беру туралы» 2021 жылғы 22 шілдедегі № 192;

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 192 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін барлық кандидаттарға үй-жай беру туралы» 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                    Р. Аңбаев

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның

аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы

________________ Р.Б. Малғаждарова

2026 жылғы «__»  __________

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы  
Дата публикации
18 февраля 2026