2025 жылғы 4-тоқсанға арналған
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша
ішкі бақылау жөніндегі есепке аналитикалық жазба
2025 жылғы 4-тоқсанда Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша барлығы 621 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
қағаз түрінде – 0 (0,0%),
ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 427 (77,5%).
«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 194 (22,5%).
Электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі 77,5% құрайды.
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 2480 қызмет көрсетілді.
Бақылау іс-шаралары
Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес 3 бақылау іс-шарасы өткізілді (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің «Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Солтүстік Қазақстан облысы Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі).
Объектілер саны:
жергілікті атқарушы органдар – 0,
ведомстволық бағынысты ұйымдар – 0.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы
Жүргізілген бақылау іс-шаралары шеңберінде барлығы 0 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
– мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзу фактілері – 0;
– нормативтік құқықтық актілерде көзделген толық құжаттар пакеті болмаған жағдайда қызмет көрсету фактілері – 0;
– заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 0;
– ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап ету фактілері – 0;
– мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін (бизнес-процестерді) бұзу фактілері – 0;
– мемлекеттік қызмет стандартында көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактілері – 0;
– есеп пен аналитикалық анықтаманың болмау фактілері – 0;
– өзге де бұзушылықтар – 0.
Ақпараттық жүйелерден алынған деректерді талдау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтеріне сәйкес ақпараттық жүйелерде жол берілген мерзімінен кешіктірулер бойынша статистикалық деректер облыс әкімдігі тарапынан ай сайын зерделенеді.
Мониторинг барысында 2025 жылғы 4-тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы тіркелген жоқ.
Шағымдар
www.1414.kz электрондық мекенжайы арқылы «Электрондық үкімет» веб-порталында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтерді қоспағанда) қызмет көрсетушілерге және жергілікті атқарушы органдар басшыларының атына негізделген шағымдар түскен жоқ.
Түсіндіру іс-шаралары, біліктілікті арттыру курстары
2025 жылғы 4-тоқсанда халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған 55 іс-шара өткізілді.
Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында 3 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды, мемлекеттік қызмет көрсететін мамандармен 8 құқықтық жалпы оқыту өткізілді, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Азаматтарға арналған үкімет» филиалында 3 азаматтарды қабылдау, 1 қоғамдық бақылау жүргізілді.
Сонымен қатар бөлімдер мен округтердің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында ақпарат орналастыру арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы 18 желтоқсанда аудан әкімі аппаратының басшысы Кенжебеков А.Б. аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және ақпараттық-талдау жұмыстары жөніндегі бас инспекторы Төлепберген М.С.-пен бірлесіп, бөлім басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен және аудан мамандарымен семинар өткізді.
Семинар барысында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету жоспарының орындалу қорытындылары шығарылды. Жіберілген барлық бұзушылықтар, сондай-ақ бұрын берілген ұсынымдардың орындалу мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жалпы оқыту шеңберінде бөлімдердің жауапты мамандарына мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде белгіленген рәсімдерді қатаң сақтау, сондай-ақ алғашқы басшылардың еңбек демалысында, іссапарда болуы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық парағына байланысты болмауы туралы Ішкі бақылау қызметін алдын ала хабардар ету жөнінде ұсынымдар берілді. Бұл «Е-лицензиялау» МБД ақпараттық жүйесінде рөлдерді уақтылы ауыстыру мақсатында қажет.
2025 жылғы 4-тоқсанда мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету мәселелері бойынша брошюраның 1 түрі әзірленіп, 1640 дана таратылды.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Аудан әкімінің
аппарат басшысы А. Кенжебеков