«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі ЖОСПАРЫ  

Бекітемін

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы

______________А.Б. Кенжебеков

2025 жылғы  29  желтоқсан

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің

аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі

ЖОСПАРЫ

 

№

Іс-шараның

атауы 

Аяқталу

нысаны 

Орындау мерзімі 

Жауапты орындаушылар 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

1

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама

2026 жылғы мамыр 

Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері

2

Аудан әкімінің ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпаратты жариялау

Интернет-ресурста жариялау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша

Мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімше

Нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік емес құқықтық актілерді әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау жөнінде шаралар қабылдау

3

Аудан әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік емес құқықтық актілер жобаларына заңдық сараптама жүргізу

Аудан әкімі аппаратының басшысына ақпарат

Тұрақты 

Мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімше

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

Семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар

Бір жылдың ішінде

Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері

5

Аудан әкімінің ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» бөлімінің жұмыс істеуін және толтырылуын қамтамасыз ету

Интернет-ресурста бөлім

Тұрақты

Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері

Қаржылық бақылау шаралары

6

Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің жыл сайынғы кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынуын бақылау

Декларацияларды тапсыру туралы анықтамалар жинау

2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін

Персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер жөніндегі шаралар

7

Персоналды басқару қызметінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қатаң сақтау бөлігінде жұмысқа қабылдау кезінде семинар өткізу

Семинар

Бір жылдың ішінде

Персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше

8

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өздеріне тиесілі мүлікті сенімді басқаруға беруіне бақылауды жүзеге асыру

Лауазымға кіріскен күннен бастап бір ай ішінде

Тұрақты

Персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше

9

Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу

Аудан әкімі аппаратының басшысына ақпарат

Бір жылдың ішінде

Персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша шаралар

10

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерін қарау мерзімдеріне мониторингті жүзеге асыру және бақылау

Анықтама

Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша

Жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше

11

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ сенім телефонын аудандық БАҚ және аудан әкімінің ресми интернет-ресурсында жариялау

Жариялау

тоқсан сайын

Жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше

12

Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне азаматтардың өтініштеріне арналған сенім телефоны мен жәшіктердің жұмысын бақылау

Өтініштерді тіркеу, жеке қабылдауға жазылу

Тұрақты

Жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы шаралар

13

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне ақпарат

тоқсан сайын

Аудан әкімінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және ақпараттық-талдау жұмысы жөніндегі бас инспекторы

Мемлекеттік сатып алу саласындағы шаралар

14

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың бұзылу фактілері туралы мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысын уақтылы жазбаша хабардар ету

Ақпарат

Қажеттілігіне қарай

Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімше

15

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ бюджеттік бағдарламалар жобаларын және «Ашық бюджеттер» порталында бюджеттің атқарылуы туралы есептерді орналастыру

«Ашық бюджеттер» порталында жариялау

Тұрақты

Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімше

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 января 2026