2026 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарын өткізу жоспары

Бекітемін

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі –Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы

_____________ Р. Аңбаев

2025 жылғы 25  желтоқсан

 

 

2026 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарын өткізу

жоспары

 

1-тоқсан

 

  1. «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты )
  2. «Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарды әлеуметтендіру туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның пробация қызметі бөлімінің, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараты)
  3. «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ауылдық округтер аппараттарының қабылдайтын шаралары туралы» (Бірлік және Андреев ауылдық округтері әкімдерінің ақпараты)

 

2 тоқсан

 

  1. «Халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту, оларды кәсіптік даярлау және оқыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мансаптық орталығының ақпараты)
  2. «Құқық бұзушылықтың алдын алу және оның ішінде интернет-алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу бойынша ауылдық округ әкімдері аппараттарының жұмысы туралы» (Рузаев және Көкалажар ауылдық округі әкімдерінің ақпараты)
  3. «Балалар қылмысының алдын алу шаралары туралы және жазғы мектеп демалысы кезінде құқық бұзушылыққа бейім оқушылар мен "тәуекел тобындағы" балалардың бос уақытын қамтамасыз ету туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі басшысының ақпараты)

 

3 тоқсан

 

  1. «Алкоголь және темекі өнімдерінің айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы ақпараты)
  2. «Елді мекендерді абаттандыру саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» (Новоишим және Нежин ауылдық округтері әкімдерінің ақпараты)
  3.  «2026 жылдың 8 айында аудан аумағында құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің өсуін талдау» (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің ақпараты)

 

4 тоқсан

 

  1.  «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ауылдық округ әкімдерінің есептері» (Дружба, Ломоносов ауылдық округі әкімдерінің ақпараты)
  2.  «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің 2026 жылғы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қызметінің қорытындылары туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы туралы ақпарат)
  3. «2026 жылғы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының нәтижелері туралы» (әкім аппараты басшысының ақпараты
  4. Комиссия отырыстарын өткізу мерзімдері жеке кесте бойынша қосымша айқындалады.
  5. Қажет болған жағдайда күн тәртібінің мәселелері түзетілуі мүмкін.

 

 

Аудан әкімі аппараты

басшысы                                                        А. Кенжебеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі –Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы

_____________ Р. Аңбаев

2025 жылғы 25 желтоқсан

 

 

2026 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарын өткізу кестесі

 

 

  • 12 наурыз
  • 11маусым
  • 10қыркүйек
  • 14желтоқсан

 

Ескертпе: қажет болған жағдайда отырыстарды өткізу күндері түзетілуі мүмкін.

 

 

Аудан әкімі аппараты

        басшысы                                        А. Кенжебеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 января 2026