Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы  

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы

аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы  

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

    1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы шешімді Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы     Ғабит Мүсірепов атындағы                  ауданның әкімі                                                

 

Р. Аңбаев 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық

сайлау комиссиясының төрайымы

______________Р.Б. Малғаждарова

2025 жылғы _____________________

Решение
Дата публикации
09 января 2026