2025 жылғы 18 желтоқсанда аудан әкімі Р. А. Анбаевтың төрағалығымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

2025 жылғы 18 желтоқсанда аудан әкімі Р. А. Анбаевтың төрағалығымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:

  1. «Ауданның жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету шаралары мен жай-күйі туралы». (Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Б. Т. Дүйсекеев сөз сөйледі)
  2. «Новоишим ауылдық округі аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы». (Новоишим ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және әскери есепке алуды жүргізу жөніндегі бас маманы сөз сөйледі)

Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

Дата публикации
09 января 2026