ЖОБА
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Аудан әкімі Р. Аңбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық
сайлау комиссиясының төрайымы
______________Р.Б. Малғаждарова
2025 ж _____________________