Ашық есік күні
2025 жылдың 29 қыркүйегінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратымен Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің студенттері үшін Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барысында балалар азаматтардың сұрауларына, шағымдары мен ұсыныстарына жедел ден қою үшін құрылған азаматтарды қабылдау орталығына барды, аппарат қызметімен, құрылымдық бөлімшелердің жұмысымен танысты, келіп түскен мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.







