Аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

 

Аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

 

2025 жылғы 12 маусымда аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың  төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Төтенше жағдайлар бөлімі бас маманы Ж.А. Қайрат отырысқа қатысушыларды белгіленбеген жерлерде шомылу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу туралы хабардар етті.

Ауылдық округтер әкімдері аппараттарының интернет-алаяқтық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде мал ұрлығының алдын алу жөніндегі жұмысы туралы Червонный ауылдық округінің әкімі м.а. Е.В. Офицерова мен Шұқыркөл ауылдық округінің әкімі К.Е. Жанзаков есеп берді.

Білім бөлімі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы білім бөлімінің басшысы Э.М.Қарабаева сөз сөйледі.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

 

Дата публикации
20 июня 2025