Аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

Аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

 

2025 жылғы 12 маусымда аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың  төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және Әдеп кодексін сақтауы туралы ақпаратпен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Б.А. Сапанов сөз сөйледі.

Ломоносов ауылдық округі аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ломоносов ауылдық округінің әкімі В.С. Барсуков баяндады.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

Дата публикации
18 июня 2025