Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдарға
4-қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
«Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ
|
№ п/п |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Бөлім басшысы |
Ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық шешімдерді қабылдау |
Басқарушылық шешімдерге әсер ететін, жекелеген адамдар мен салалық топтардың мүдделерін қолдайтын, белгілі бір функцияларды іске асырудың негізгі процестерін реттейтін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі, мәліметтерді өзге тұлғаларға жария ету мүмкіндігі |
|
2 |
Сәулет, құрылыс және бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі |
Мемлекеттік қызметтер және олардың белгілері бар қызметтер көрсету (өтініштерді қарау жолымен және өзге де тәсілдермен көрсетілетін «жасырын» қызметтер), рұқсат беру функцияларын көрсету. Жетекшілік ететін сала бойынша орындалған жұмыстарды, құрылыспен аяқталған объектілерді қабылдауды жүзеге асырады. |
Формальді негіздер бойынша өтінішті қабылдамау, көзделмеген құжаттарды талап ету, қарау мерзімдерін «кешіктіру», нәтиже беруден заңсыз бас тарту мүмкіндігі. Аяқталған жұмыстарды қабылдау кезінде, орындалған жұмыстардың актілерін бекіту кезінде (ақауларды жасыру, көрінеу сапасыз жүргізілген жөндеу жұмыстарына қол қою, сапасыз материалды пайдалану) заңсыз артықшылық беру мүмкіндігі. |
|
3 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторының меңгерушісі |
Мемлекеттік қызметтер және олардың белгілері бар қызметтер көрсету (өтініштерді қарау жолымен және өзге де тәсілдермен көрсетілетін «жасырын» қызметтер), рұқсат беру функцияларын көрсету. Жетекшілік ететін сала бойынша орындалған жұмыстарды, құрылыспен аяқталған объектілерді қабылдауды жүзеге асырады. |
Формальді негіздер бойынша өтінішті қабылдамау, көзделмеген құжаттарды талап ету, қарау мерзімдерін «кешіктіру», нәтиже беруден заңсыз бас тарту мүмкіндігі. Аяқталған жұмыстарды қабылдау кезінде, орындалған жұмыстардың актілерін бекіту кезінде (ақауларды жасыру, көрінеу сапасыз жүргізілген жөндеу жұмыстарына қол қою, сапасыз материалды пайдалану) заңсыз артықшылық беру мүмкіндігі. |
|
4 |
Сәулет, құрылыс және бюджеттік жоспарлау секторының бас маман-бухгалтері |
Бюджеттік жоспарлау |
Бөлінетін қаражаттың ұлғаюына әсер ететін мәліметтерді бюджеттік өтінімге енгізу мүмкіндігі. орындалған жұмыстардың бекітілген актісі бойынша заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық беру және сапасыз жүргізілген жөндеу жұмыстары үшін орындаушыға бюджет қаражатын аудару. Жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес төлем шоттарын берудің заңдылығы мен негізділігін, орындалған жұмыстарды растаудың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етпеу. |
|
5 |
Сәулет, құрылыс және бюджеттік жоспарлау секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу |
Еркін жоспарлау, бәсекелестікті шектеу, сатып алудың конкурстық емес тәсілінің техникалық ерекшеліктерін және біліктілік талаптарын «түзету», формальді негіздер бойынша өтінімдерді қабылдамау, балдарды дұрыс есептемеу, сатып алудың күшін жою, тапсырыс беруші мен өнім берушінің сөз байласуы кезінде бағалардың демпингі, шартты орындау кезінде сәйкестікке бақылау жүргізбеу мүмкіндігі, жалған актілер бойынша тиісті емес ТЖКК қабылдау және оларға ақы төлеу |
Бөлім басшысы М. Шаменов