Аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы
2025 жылғы 19 наурызда аудан әкімі Р.Ә.Аңбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Жастарарасындағы құқық бұзушылықтардыңалдын алуға бағытталған іс-шараларкешенін іске асырутуралы жастар ресурстық орталығының директоры Қ.Қ. Амантаев хабардар етті.
Ауылдық округтер аппараттарының құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылдайтын шаралары туралы Новосел ауылдық округінің әкімі С.В. Спасибушкин және Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Д.М. Жаманбаев есеп берді
Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің ұсақ бұзақылық және ұрлық жөніндегі жұмысы туралы полиция бөлімінің басшысы М.Е.Харипов сөз сөйледі.
Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.


