2025 жылғы 19 наурызда аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

 

2025 жылғы 19 наурызда аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың  төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Халықты әлеуметтік қолдау және қорғау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Қ.Әмрина хабардар етті.

Дружба ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік этика нормаларын сақтау жөніндегі қызметі туралы Дружба ауылдық округінің әкімі А.Қ.Омаров баяндады.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

Дата публикации
02 апреля 2025