2025 жылғы 28 наурыз  күні сағат 17.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

2025 жылғы 28 наурыз  күні сағат 17.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында жоспардағы 3 сұрақ қаралды  Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу үшін оқушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру туралы, Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы (1 жастан 6 жасқа дейін, 6 жастан 18 жасқа дейін) балалары бар аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмектің мөлшері мен түрлері, Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс істеуге, NEET санатымен жұмыс істеуге, сондай-ақ жас аналар мен жалғызбасты аналардың проблемаларын шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру туралы.

1 сұрақ бойынша білім бөлімінің басшысы Э.М. Қарабаева, Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің директоры С.Қ.Жүсіпов баяндама жасады.

2 сұрақ бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгнрушісі Н.С.Мейзер, мансап орталағының директоры Н.И.Темірғалиев баяндама жасады.

3 сұрақ бойынша жастар ресурстық орталығының директоры Қ.Қ.Амантаев  баяндады

 

Дата публикации
31 марта 2025